Әлеумет Қоғам Шымкент

Болашақ «жұлдыздар»


Шымкентте Жастар ресурстық орталығында мүмкіндігі шектеулі қабілетті жастар арасында талантты таныту мақсатында шығармашылық кеш өтті. Орталықтың фоэсінде жас қолөнер шеберлерінің бұйымдары қойылған көрме ұйымдастырылды. Іс-шараны Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы мен «Халқыма тағзым» мүгедектер қоғамы ұйымдастырған.

Осы сынды іс-шаралар ұйымдастыру арқылы мүмкіндігі шектеулі жастарға кедергісіз орта қалыптастыруға, өмір сүру сапасын арттыруға және өмірдің барлық салаларында қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік аламыз дейді ұйымдастырушылар.

Айта кету керек, Шымкентте бұған дейін де жастарға арналған арнайы мемлекеттік бағдарламалар мен кәсіпкерлікті меңгеру бойынша курстар, қаланың көрікті жерлері мен мәдени мұражайларға экскурсия жасау, үстел теннисі, шахматтан турнир және жас қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылып, өткізілді. Сол шаралардың қорытындысы бойынша байқаудың жеңімпаздары мен жобаға белсенді қатысқан жастар марапатталды.

– Шымкент қаласында жастардың сапалы білім алуына, шығармашылықпен айналысып, мүмкіндіктерін толық ашуына барынша жағдай жасалып келеді. Өнер-білімге жаны құштар жастардың қоғамдық өмірге белсене араласуына осындай іс-шаралардың тигізер көмегі көп. Сонымен қатар, риясыз көңілмен өнерлерін паш еткен ерекше жастарға ризашылығымды білдіремін, — деді қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Мұратжан Шотанов.  

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *