Әлеумет Мәселе Шымкент

Рұқсатсыз салынған ғимараттар бұзылады

Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының мамандары рұқсатсыз салынған, «Қызыл сызықтан» асып кеткен ғимарат иелеріне қарсы заң аясында күрес жүретінін айтып отыр. Яғни, құрылыс нысаны рұқсатсыз салынғаны анықталса заңсыз деп табылып, сот шешімі негізінде мәжбүрлі түде бұзылады. Құрылыс нысаны заңды болуы үшін белгіленген талаптарға сай келуі керек. Атап айтқанда, нысаналы мақсатына сәйкес жер учаскесіне құқығы болуы, құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды алу (Сәулет-жоспарлау тапсырмасы-АПЗ), эскиздік жобаны әзірлеу және келісуі, жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу және құрылыс жобаларын ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткізуі, мердігермен, техникалық және авторлық қадағалаушылармен келісім-шарт жасауы, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлауы қажет.

Осы талаптар сақталмай құрылыс жүргізген жағдайда нысан иесі ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 316 бабы 1-бөлігі, 321 бап, 463 баптың 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сонымен бірге 40 – 580 АЕК аралығында айыппұл салынатын болады.

Сала мамандары ҚР Азаматтық кодексінің 244 бабына сәйкес заңсыз құрылыс иесіне қатысты сотқа талап арыз жолданып, сот шешімі негізінде өз бетінше салынған құрылыстың өз есебінен бұзылатындығын да айтып отыр. Олай болса, шымкенттіктердің заңсыз әрекетке барудан абай болғандары абзал.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *