Әлеумет Басты жаңалықтар Біле жүріңіз Мәселе Шымкент

ДАУЫЛДЫ ЕСКЕРТУ

          «ҚАЗГИДРОМЕТ» орталығының  мәліметі бойынша  Шымкент қаласында 2022 жылғы 16 қарашада таңертең және күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақытта тұман, көктайғақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Шымкент қаласының ТЖ департаменті тұман және көктайғақ кезінде мына сақтық шараларды ескертеді:

Жаяу жүргіншілерге:

— сырғанамайтын аяқ киімді дайындаңыз, өкшеге темір нәлді немесе көбік резеңкесін бекітіңіз, ал құрғақ табанға лейкопластырь жабыстырыңыз;

— асықпай, абайлап қозғалыңыз, кедір-бұдырларды ескере отырып, аяғыңызды толық басып жүріңіз;

— егде жастағы адамдарға резеңке ұшты таяқшаны немесе үшкірлеген арнайы таяқшаны пайдалану ұсынылады.

Жүргізушілерге:

— көлік қозғалысы көп жерлерде, мектептердің жанында, қиылыстар мен көпірлерде, сондай-ақ бұрылыстар мен түсулерде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жылдамдықпен қозғалу;

 — қозғалыс кезінде көлік құралдары арасындағы әдеттегіден ұзағырақ қашықтықты сақтаңыз;

 — сырғанауды болдырмау үшін кенеттен маневр жасамаңыз;

 — автокөлікті тоқтату үшін қозғалыс жылдамдығын төмендетіп, жолдың түзу және тегіс учаскесінде тоқтату керек.

Тұманда, мүмкіндік болған кезде, қиындыққа тап болғаннан гөрі, жоспарланған істерді кейінге қалдырған дұрыс және жолға шығудан бас тартсаңыз өзіңізге және жақындарыңызға қауіпсіз болады.

Шымкент қ.ТЖД қоғаммен байланыс тобы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *