Uncategorized

Улы газдан уланып қалмаңыз!


Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Шымкент қаласында улы газбен улану жағдайлары әлі тіркелуде. Уланғандар арасында ересектермен қоса балалар да бар.
Көміртегі тотығы қауіпті, өйткені ол көрінбейді және сезілмейді, оның иісі де, түсі де жоқ, сондықтан оның екінші атауы – «тілсіз жау». Тыныс алу жолына түскеннен кейін көміртегі тотығы молекулалары қанға еніп, гемоглобин молекулаларымен байланысады,нәтижесінде карбоксигемоглобин түзіледі, бұл оттегінің тасымалдануына кедергі келтіреді және оттегінің жетіспеушілігі тез дамиды.
Көміртегі тотығымен улану кезінде келесі белгілер пайда болады:
• жалпы әлсіздік;
• бас ауруы;
• самайдың солқылдауы;
• құлақтың шыңылдауы;
• бас айналу;
• ауа жетіспеушілігі, ентігу;
• көру қабілетінің бұзылуы-жыпылықтау, көздің алдындағы нүктелер;
• құрғақ жөтел;
• жылдам тыныс алу.
Көміртегі тотығымен улану кезінде зардап шеккен адамға тез арада алғашқы көмек көрсету маңызды:
-жәбірленушіні мүмкіндігінше тезірек таза ауаға шығару керек;
-тыныс алуды жеңілдету керек – тыныс алу жолдарын тазарту, киімді шешу, тілдің кетіп қалуына жол бермеу үшін жәбірленушіні бір қырымен жатқызу керек;

  • тыныс алуды қалпына келтіру, нашатыр иіскету, кеудені ысқылап, аяқ-қолды жылыту керек;
    -жедел жәрдем шақыру. Егер адам бір қарағанда қанағаттанарлық жағдайда болса да, оны дәрігер қарап-тексеруі керек. Себебеі уақтылы басталған ем шаралар улы газдан уланудан болатын асқынулар мен өлім қаупін азайтады.
    Маңызды!
    Түтін құбырлары мен мұржаларды дұрыс күйде ұстаңыз. Әр жолы газ жабдығын қоспас бұрын тартқышты тексеріңіз. Егер пештің немесе газ құрылғысының ақаулығы анықталса, мамандарға хабарлау керек.
    Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығына сақ болыңыз❗

Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *