Әлеумет Біле жүріңіз Қоғам

Бұл – еліміз үшін маңызды күн!

2022 жылдың 20 қараша күні Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтпек.
Бұл – еліміз үшін маңызды күн!
Осы күні Қазақстан Республикасының әрбір азаматы сайлауға қатысып, өз таңдауын жасауы тиіс.
Шымкент қаласында коронавирусты инфекцияның эпидемиологиялық жағдайы тұрақты болғанымен, әлі де аурушаңдық тіркелуде.
Осы орайда азаматтарды бірқатар сақтық шараларын сақтауға шақырамыз!
Коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі алгоритмге сәйкес, ең алдымен, адамдардың көп жиналуына жол бермей, әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет.
Үй-жайларда желдеткіш/ауа баптау жүйелерінің үзіліссіз жұмыс істеуі тиіс. Жасанды желдету жүйесі болмаған жағдайда, үй-жайларды жүйелі түрде есік-терезені ашу арқылы желдету керек.
Сонымен қатар, дауыс беру алдында және күні бойы қажеттілігіне қарай үй-жайларды және барлық жұмыс беткейлерін жуу мен дезинфекциялау құралдарын қолданумен ылғалды жинау, дезинфекция жүргізуді қамтамасыз ету қажет.
Қазіргі таңда Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының мамандарымен коронавирусты инфекцияның таралуының алдын алу бойынша жергілікті атқару органдары және басқа да тиісті ұйымдастырушылармен түсіндіру және санитариялық-ағарту жұмыстары жүргізілуде.
Санитариялық талаптарды сақтап, сау болуға шақырамыз!

Әбдіманап Төлебаев, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *