Әлеумет Біле жүріңіз Мәселе

ТҮРКІСТАНДА 2 МЛННАН АСТАМ АДАМ ЕМХАНАНЫ ЕРКІН ТАҢДАДЫ


Жыл сайын 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында өткізілетін тіркеу науқаны шеңберінде тұрғындар қызмет көрсету емханасын ауыстыра алады. Түркістан облысы бойынша 60 медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарына тіркелуге мүмкіндік жасалды. Оның ішінде, 38 жеке меншік. Қор филиалының мәліметінше, нәтижесінде 2 млннан астам түркістандық өзі таңдаған емханаға тіркелді.

Айта кетерлігі, тұрғындар тіркелген емхана қызметін 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап алады.
-Тіркеу науқанына барлығы 60 медициналық ұйымы қатысты. Оның ішінде, 13 мекееме науқанға алғаш рет қатысты. Қормен медициналық қызметтерді сатып алу келісімшарттарын алғаш рет жасады.
Ескеретін жайт, тұрғындар тіркелген емханадағы учаскелік дәрігерді не болмаса емхананы да ауыстырады. Үйге жақын емхананы таңдағаны жөн. Өйткені, емхананың қызмет көрсету аймағында тұратын науқастарға үйде медициналық көмек көрсетіледі – деді, медициналық сақтандыру қорының директоры Асхат Бейсенбаев.
Сақтандырылған азаматтар МӘМС пакетіне кіретін медициналық көмек алады. Оған салалық дәрігерлердің консультациялары, түрлі талдаулар мен дигностикалық тексерулер (рентген, УЗИ, КТ, МРТ және т.б), жоспарлы емдеуге жатқызу, медициналық оңалту, жоғары технологиялық медициналық көмекті қолдана отырып емдеу, аурулардың алдын алу және диагностикалау кіреді.
Емханаға тіркеуге немесе медициналық көмектерге қатысты сұрақтар болса, медициналық ұйымдағы пациенттерді қолдау қызметіне хабарласуға болады. Сонымен қатар, өтінішті облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының 1305 байланыс орталығына, медициналық сақтандыру қорының fms.kz ресми сайтына, 1406 бірыңғай байланыс орталығына, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасына және Telegram Saqtandyrybot арнасына жолдауға болады. Мұнан бөлек, тіркелген емхананы, учаскелік дәрігерді, медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебені egov.kz электрондық үкіметі арқылы білуге болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *