Басты жаңалықтар Құқық Мәселе

Шымкентте 30 адамның саусағынан сақинасы шықпай қалған

Шымкентте құтқарушылар 8 жасар қызға көмек көрсетті. Шымкент қаласы ТЖ департаментінің  «112» құтқару қызметіне 22 қарашада қаланың Игілік шағынауданының тұрғыны хабарласып, саусағындағы сақинасы шықпай жатқанын айтып, құтқарушылардан көмек сұраған.

Жедел-құтқару жасақтың құтқару бөлімшесі оқиға орнына жедел жетіп,  8 жасар  қыздың  саусағындағы шешілмей жатқан сақинаны арнайы слесарлық жабдықтармен шешіп алды.

        
Шымкент қ. ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан мәліметке сүйенер болсақ, жыл басынан бері саусағынан сақинасы шықпай қалған 30 жағдай тіркелген екен. Солардың бәріне де құтқарушылар барып көмектескен. 30 адамның тең жартысы балалар.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *