Әлеумет Біле жүріңіз Мәселе

ТҮРКІСТАНДА ЖҰЛЫННЫҢ БҰЛШЫҚЕТ АТРОФИЯСЫМЕН АУЫРАТЫН 6 НАУҚАС ЕМДЕЛДІ


Түркістан облыстық балалар ауруханасында алғаш рет жұлынның бұлшықет атрофиясы бар науқасты емдеуге нусинерсен дәрісі қолданылды.
Ем-шараға штаттан тыс бас маман — балалар невропатологы Ә.Әділбаев, неврология бөлімшесінің меңгерушісі Н.Әлиханов және емдеуші дәрігер Д.Дауырбаева қатысты.

Нусинерсен дәрісі тек стационар жағдайында енгізіледі. Жалпы, облыс бойынша аталмыш аурумен 6 бала есепте тұрады. Аталмыш дәрі-дәрмекті пациентке қолдану барысында қиындықтар орын алмаған. Препарат интратекалды түрде енгізіледі. Барлық пациенттерге ТМККК шеңберінде көрсетіледі.

Жұлынның бұлшықет атрофиясы бар балалар ем алу үшін Түркістан облыстық балалар ауруханасына жоспарлы түрде жатқызылады. Айта кетерлігі, Түркістан облыстық балалар ауруханасы МӘМС жүйесі бойынша жұмыс жасайды.
Патогенетикалық терапияны енгізер алдында халықаралық шкалалар бойынша функционалдық мәртебесін бағалау және отбасының емделуге қатысу қажеттілігі туралы ата — аналармен әңгімелесу, контрактуралардың алдын алу, ортездерді, корсеттерді пайдалану, баланың күндізгі және түнгі сатурациясын көрсете отырып күнделік жүргізу, гимнастика және буындарды созу жүргізілді. Пациенттер орта есеппен 4-5 күннен кейін үйіне шығарылды. Бүгінде пациенттің жағдайы жақсы. Жыл бойына науқастар түрлі тексерулерден өтіп, нусинерсен дәрісінің 3 рет дозасы қолданылады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *