Басты жаңалықтар Біле жүріңіз Қоғам

Министрмен кездесемін десеңіз…

Шымкентке Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин келе жатыр. Желтоқсанның 9-ы күні министр Шымкент қаласының халқымен кездеспекші. Төтенше жағдайларға байланысты айтар мәселеңіз, өтінішіңіз болса министрдің қабылдауына жазылуға болады.
Жеке қабылдауға алдын ала жазылу 8/7252/44-94-28, 8/7252/44-93-92 нөмірлері бойынша жүргізіледі. dchs_schym@emer.kz потшасына хат-хабар жолдауыңызға да мүмкіндігіңіз бар.
Министрмен кездесу қала әкімшілігінің ғимаратында өтеді (Шымкент қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 10, басталуы сағат 10:20-да).
Сонымен қатар, кездесу ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *