Қоғам

Отаның жаңа әдісі қолданылды

 Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында алғаш рет лапароскопиялық технология әдісімен жарық (грыжа) емдеу ота түрі қолданылды. Ақмола облыстық клиникалық ауруханасы ота бөлімінің меңгерушісі Хасенов Руслан Ерсаинұлы жергілікті әріптестеріне екі күн бойы шеберлік сыныбын өткізді. Қазіргі уақытта жарықтарды жою үшін лапароскопиялық технологиялар белсенді қолданылады. Ота шат және кіндік жарықтарынан айықтырады. Барлық лапароскопиялық араласу тек жалпы анестезиямен жүзеге асырылады. Ота жылдам жасалады және науқастың денесінде пышақ ізін қалдырмайды. Науқас екі тәуліктің ішінде-ақ ауруханадан шығарылады. Сырқат ағзасына ауыртпалық түсірмей, дәрігердің барлық кеңесін толық іске асырған жағдайда асқынулар өте сирек кездеседі. Қазір мұндай емдеу әдісі медицина саласында өзінің тиімділігін дәлелдеп, кең қолданысқа ие болған. Бұл туралы ақпаратты облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *