Қоғам Мәселе

Атакенттегі базар – ауру ошағына айналып жүрмегей

 Газетіміздің өткен нөмірлерінің бірінде «Көшесі — қоқыс, көше бойы — өлексе… Мақтаарал ауданындағы бұл жағдай ешкімді алаңдатпайды ма?» деген тақырыпта мақала жазғанбыз. Онда Мақтаарал ауданындағы үлкен елді мекендердің бірі — Атакенттің көшелеріндегі қоқыс жөнінде айтылған болатын. Содан бері де бір айдан асып барады. Осы уақытта іскер, ұйымдастырушылық қабілетке ие басшы болса аталмыш елді мекенді айнадай […]

Қоғам

Тағы да хиджап төңірегіндегі түсінбеушілік…

Оқырманның есінде болса, өткен жылы Мақтаарал ауданындағы мектептердің бірінде «қыздарымызға хиджап кигізбесе мектепке жібермейміз» деген ата-аналар шу көтерген болатын. Бірақ түсінік жұмыстарын жүргізудің арқасында ол мәселе шешімін тапқан-ды. Оқу жылы аяқталар тұста сол жағдай тағы қайталанғанға ұқсайды. Бұл жөнінде мақтааралдық оқырманымыз Сафуан Өтебаев әлеуметтік желідегі парақшасында былай деп жазыпты:  «2018-2019 оқу жылы басталғаннан Мақтаарал ауданындағы […]

Қоғам

Тәрбиешінің телефон ұстағаны дұрыс па?

«Өзге пікір» газетінің өткен нөмерлерінің бірінде «Тәрбиешілер телефон ұстамаса екен», – деген тақырыпта мақала жарық көрді. Онда шымкенттік Шарухия есімді апаның «балабақшада тәрбиешілер телефон ұстамай, тек қана бала тәрбиесімен айналысса екен» деген пікірін оқырман назарына ұсынған едік. Мақала соңында біз «Шарухия апа көтеріп отырған бұл мәселе бүгінгі таңда өте маңызды. Сол себепті осы тақырып аясында […]

Қоғам Мәселе

Алты балалы жесір әйел

баспанаға да, әлеуметтік көмекке де қол жеткізе алмай жүр Бүгінде атаулы әлеуметтік көмектің тақырыбы талайларға жыр болды. Әр балаға берілетін 21 мың теңге әлеуметтік жәрдемақыны алғысы келген көп балалы аналардың қатары көп. Елбасының «жәрдемақы бірінші сәуірден бастап берілсін» деген тапсырмасы жадыларында жаттаулы. Бірақ әл-әзірге ол қаржыны алақанына түсіріп, шекесі шылқып отырған отбасыны кездестірмедік. Ақшаны қолға […]

Қоғам Құқық

Сенбілікке шығамын деп

                   соңғы сапарға аттанды Өткен жылы Білім және ғылым министрі мұғалімдерді қоғамдық жұмыстарға шығармау туралы тапсырма бергені белгілі. Артынша Түркістан облысының сол кездегі әкімі Жансейіт Түймебаев та тап осындай тапсырма берген-ді. Әрине, одан бері басшылар ауысқанымен, олардың міндет-мақсаттары өзгерген жоқ. Бұл бастама жаңа басшылардың да қолдауына ие болатыны анық.  Дей тұрғанмен осы тапсырмаларға салғырт қарап, […]

Қоғам Құқық

Шектен шыққан жауыздық…

 Соңғы бірнеше күннен бері Жетісай ауданындағы мектеп оқушыларына өгей шешесінің жасаған қатыгездігі туралы жазбалар әлеуметтік желіні шарлап кетті. Мұндай жауыздық әрекетке көпшіліктің жаға ұстағаны анық. Кәмелетке толмаған үш бірдей қыздың халдері өте аянышты. Сонымен бүкіл елді шулатқан Жетісайдағы мектеп оқушыларына не болған? Оқырманға түсінікті болу үшін журналист, әлеуметтік желі белсендісі Әсет Әссандидің парақшасындағы «Төбе шашты […]

Қоғам Құқық

Ішкі істер саласы іштен іри бастаған ба?

 Елбасы бұған дейін ішкі істер саласы қызметкерлері туралы талай жерде сын айтты. Тіпті полиция мен халықтың арасы алшақтап кеткені жөнінде де ескертпелер жасағаны белгілі. Жемқорлық та осы салада кең етек жайды. Полицияға қатысты сынның көбеюіне былайғы жұрт бұрынғы министр Қасымовты кінәлаған болатын. Қоғамның сынына ұшыраған Қасымов та орнын босатты. Бірақ жаңа басшы көп мәселеде Ішкі […]

Қоғам Құқық

Көлік нөмерін өзгертемін деп…

өзгенің өмірін өзгерте жаздады Бүгінде адамнан қулық артылмай қалды ғой. Көшедегі жол қозғалысын бақылайтын камералардың көбеюі жүргізушілер тарапынан түрлі қитұрқылықтарға баруға себеп болып отыр. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласында жүрген шымкенттік жүргізуші нөмірін өзгертіп алып, «жалғанды жалпағынан басқанға» ұқсайды. Ал, айыппұлдар онымен нөмірлес шымкенттік жерлесінің атына келе берген. Бұл оқиға туралы хабарлаған Zakon.kz сайтының жазуынша, 2018 жылдан […]