Шымкент

Агросекторды дамыту баға тұрақтылығын сақтайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласының ауыл шаруашылығын дамыту ісінде кешенді жобалар қолға алынып, бірқатары жүзеге асуда. Орайы келгенде айта кету керек, мегаполисте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын қадағалау және делдалдық қызметті шектеу мақсатында арнайы комиссия құрылған. Құзырлы мекеме мамандарымен жасақталған комиссия жыл басынан бері 63 отырыс өткізіп, 40-тан астам құқық бұзушылық […]

Шымкент

Базардағы жастардың лигасы өтті

Естеріңізде болса, 2019 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке NEET санатындағы жастар санын жылына кем дегенде 1 пайызға азайту және 2021 жылы 6 пайызға дейін төмендету жөнінде тиімді шаралар қабылдауды міндеттеген болатын. Яғни жастарды жұмыспен қамтып, білім беру жобаларына тартуға бағытталған бірқатар шараларды қабылдауды тапсырған еді. Осыған орай, Шымкентте базар жастарының басын қосқан спорттық сайыс ұйымдастыру […]

Мәселе Шымкент

Судан қауіп келмес үшін…

Шымкентте биылғы көктем айларындағы жауын-шашыннан тұрғындарға қауіп төндірген, су жиналатын аймақ ретінде санаққа алынған 58 орын бар. Мамандар күзгі жауын-шашында тағы да зардап шекпес үшін ала жаздай сол орындарды жөндеу, қауіпті сейілту жұмыстарын жүргізді. Қазір 24 орынға ирригациялық арықтар орнатылуда. Сонымен қатар, қала аумағынан ағып өтетін жалпы ұзындығы 339 шақырымды құрайтын 2 өзен мен 34 […]

Қоғам Шымкент

Тұрғындарды көшіру басталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында атап айтылғандай, еліміз бойынша 2029 жылға дейін тозығы жеткен 1500 тұрғын үйді бұзып, орнына көп пәтерлі жаңа тұрғын үйлер салу бағытындағы тапсырмасын орындау Шымкентте де бастау алды. Ескі үй иелеріне жаңа үйден пәтер міндетті түрде беріледі. Мегаполистегі тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасы осы тапсырма негізінде өз жұмысын қарқынды түрде […]

Шымкент

Агросекторды дамытуға серпін берген семинар

Шымкент қаласындағы Алтынтөбе тұрғын алабында «Дала күні» деп аталатын көшпелі семинар өтті. Оған мегаполистегі ауыл шаруашылығы саласының мамандары мен жергілікті шаруа қожалықтарының өкілдері түегелге жуық қатысып, агросектордағы бірқатар мәселелерді талқыға салды. Саланы дамытуға қатысты пікірлерімен бөлісті. Шымкенттің кілең мықты мамандары жиналған, агросектордағы озық тәжірибелер талқыланған жиынға қала әкімі Мұрат Әйтенов те арнайы барып қатысты. Ауыл […]

Шымкент

Жастарға рух сыйлаған фестиваль

  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауында: «Біз адамдардың энергиясына, таланты мен еңбекқорлығына арқа сүйейміз. Әрбір азаматтың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін барынша қолайлы жағдай жасаймыз. Тек осылай ғана біз халқымыздың жасампаздық әлеуетін арттыра аламыз» деген болатын. Осыған орай, Шымкент қаласында жастарды қолдау мақсатында түрлі іс-шаралар жүзеге асырылып келеді. Соның […]

Шымкент

Ойын алаңшасы көбейді

Шымкентте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қолға алынған «Халық қатысатын бюджет» атты үкіметтік жобаның тиімділігін көріп жатқан тұрғындар көп. Тапсырмаға сәйкес тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы қаржысының кемінде 10 пайызы қайда жұмсалатынын қоғамның өзі айқындап үйренген. Шымкенттіктер бұл орайда белсенді. Өздеріне қажетті жобаны талқыға салып, жүзеге асуын бақылап отырады. Әсіресе балаларға арналған ойын алаңшаларын салу ісінде көпқабатты […]

Шымкент

Су ресурстарын дамытуда қарқын бар

Мегаполис мәртебесіне сай болу барлық салада жаңғыруды, жүйелі жоспарды, қарқынды құрылыс жұмыстарын қажет ететіні рас. Шымкент қаласы аумағындағы 34 су арнасының 8-іне биыл күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Оның үшеуінің құрылысы бүгінгі күнге дейін толық аяқталып, бесеуінің жұмыстары жалғасып жатыр. Соның бірі — «Сасық-1» су арнасының күрделі жөндеу жұмыстары бойынша қала әкімі Мұрат Әйтенов құрылыс басына […]

Шымкент

Мегаполисте де мал бағуға болады

Еліміздегі үшінші ірі қала санатындағы шаһардың айналасындағы ауыл-аймақ ауыл шаруашылығын, соның ішінде мал шаруашылығын да дамытуға қолайлы болып тұр. Бұл өз кезегінде қалалықтарды таза табиғи өніммен, азық-түлік, ет өнімдерімен қамтамасыз етуге, азық-түлік тапшылығын тудырмауға негіз болтыны айтпаса да түсінікті. Шаһардағы шаруа қожалықтардың 785-ке жуығы мал шаруашылығы, 6-уы балық, 4-уі құс және 25 омарта шаруашылығына машықтанған. […]

Шымкент

Агроөнеркәсіптік сектарда даму қарқынды

Шымкентте мал басы көбейіп келеді. Мал шаруашылығы саласында қарқынды даму бар. Атап айтсақ, сала мамандары ірі қара мал саны – 67,3 мыңнан, қой, ешкі —  80,7 мыңнан, жылқы — 10,8 мыңнан, құс — 807,6 мыңнан асты деп отыр. Бұл мал шаруашылығында өнімділіктің 6 пайызға өсіп, 4,5 мың тонна ет, 31,3 мың тонна сүт, 118,1 млн. […]