Құқық Мәселе

Қорғады ма, қорлады ма?

Арыс тұрғыны полицей таяқтады деп шағымданып жүр ҆ Елбасы «полиция тұрғындармен тығыз байланыста жұмыс істеп, халықтың қорғаушысы болу керек» дегенді ұдайы қайталайды. Бірақ сол тапсырма барлық жерде бірдей орындалып жатқан жоқ секілді. Күні кеше Арыс ауданы Жиделі ауылынан Нұрлан Дәрменов есімді азамат редакцияға арнайы келіп, облыстың бас полицейі Қайрат Дәлбековтың атына жазған арызының көшірмесін тастап […]

Әлеумет

Керемет кешен болмақ

Таяу болашақта Шымкент шынында да ертегі қалаға айналмақ. Соның бір көрінісі ретінде бой көтеретін Happy land отбасылық ойын-сауық кешенін айтуға болады. Астанада өткен халықаралық экономикалық форумда Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Данат Жумин, «Shymkent «ӘКК» АҚ Басқарма Төрағасы Рашид Аюпов пен «Kazakh invest» АҚ арасында ынтымақтастық туралы төрт жақты меморандумға қол қойылды. Непалдық ірі бизнесмен, Chaudhary […]

Біле жүріңіз

Қадір түні жасалуы абзал 7 амал

1. Өзіңіздің барлық күш-жігеріңізді салып Алла Тағаладан дүние және ақыретіңізді қамтыған қажеттіліктеріңізді сұрайтын дұға жасаңыз. Себебі, Раббымыз бұл түні барлық дұғаларды қабыл етеді. 2. Алла Тағаланың өзіңізге берген күллі нығметтерін есіңізге алып, Оған шүкірлік мақсатында өзіңіз білетін барлық пәктеу сөздерді айтып, Алланы дәріптеңіз. (Мәселен, әлһамдуллилләһ, субханаллаһ, аллаһу акбар, ләә иләәһә иллаллаһ, т.б.). 3. Осы күнге […]

Мәселе

Тест кітапшалары тегін бе, сатылады ма?

Келестен жолданған арыз Сенатқа жетті Жуырда Келес ауданындағы Қошқар ата ауылының тұрғыны Қалибек Мұсабаевтан редакцияға хат келген болатын. Парламент Сенатының төрағасы Д.Назарбаева мен Келес ауданының прокуроры Б.Сейфоллаға жазылған арыздың бізге берген көшірме нұсқасында арыз авторы Зиябек Рүстемов атындағы мектеп басшылары тест сынақтарының кітабы үшін деп оқушылардан ақша жинайтынын айтады.  «Менің арыздарыма байланысты Парламент Сенаты аппаратының […]

Оқшау ой

Ішкеніміз – ірің, жегеніміз – желім…

Дені сау ұрпақты қалай қалыптастырамыз? Соңғы жылдары елімізде салынып жатқан мемлекеттік емдеу мекемелері көп. Жеке меншіктерінің де санынан жаңыласың. Егер соның барлығы сапалы жұмыс істеп, ауру біткен түгелдей сырқатына шипа табар болса елімізде науқастар саны күрт азайып, тіпті дәрігерлер жұмыссыз қалуы керек секілді. Бірақ, шынайы жағдай олай емес. Шын мәнінде емхана көбейген сайын оған баратын […]

Қоғам Құқық

Оқушыларды несие алуға мәжбүрлеген

Аллаға шүкір, бәріміз де ата-анамыз. Ұл-қыздарымыз мектепте білім алып жатыр. Бірақ, сол мектепке барып жүрген балаларымыздың күнделікті тұрмыс-тіршілігінен, іс-әрекеттерінен қаншалықты хабардармыз? Баланың күндізгі өмірін қадағалап, мектеп немесе колледж ұжымымен тығыз байланыс орнатқанбыз ба? Біз бұл сауалдарды босқа тізбелеп отырған жоқпыз. Өйткені, біз ұл-қыздарымызды сабақта жүр деп ойлағанымызбен, шын мәнінде олай болмауы да мүмкін. Мұндай күдікке […]

Біле жүріңіз Өмірдің өзі

Пітір – оразаның кемшіліктерін толтырады

Қажеттілігін қоспағанда мал-мүлкі, дүниесі күміс нисабына (бүгінгі таңда күміс нисабы 103 000 (жүз үш мың) теңге деп бекітілді) жеткен адамның ораза айт күнінде өзі және сәби балалары үшін пітір садақа беруі – уәжіп. Ол – оразаның қате-кемшіліктерін толтыратын, Құдайға шүкіршілік ету үшін берілетін және кедейлерді қуантатын садақа.          «Пітір» сөзі жаратылыс деген ұғымды береді, оны […]

Өмірдің өзі

Тарауих – рамазанның түнін безендіретін ғибадат

 Рамазан айында оқылатын жиырма рәкаттық тарауих намазы ораза тұтушының ғана емес, ораза айының сүннеті болып саналады. Сондықтан да белгілі себептермен (науқастық, жолаушылық, т.б.) немесе қандайда бір себепсіз ораза ұстамаған адам сауабын үміт етіп, тарауих намазын оқуына әбден болады. Яғни, тарауих намазын оразаны тұтқан да, тұтпаған да оқыса сауапқа кенеледі.  Тарауих намаздың үкімі           Тарауих сөзі […]

Қоғам Мәселе

Үкіметтен күдер үзгендер

     жолды өздері жөндеп жүр Өткен аптада Жетісай мен Мақтаарал аудандарында болдық. Бір байқағанымыз кіммен жолықсаң да сәлемнен кейінгі сұрайтыны «қалай келдің, көлігіңнің дөңгелегі аман ба?» деген сауал болды. Мұндай сауалды аудан басшыларынан да естідік. Өйткені, Келес-Жетісай тас жолының бүгінгі сиқы сын көтермейді. Тесіктерден «қашу» мүмкін емес. Ал қара жолда қазан болған ойықтар үшін әкімсің […]

Мәселе

Бәрі де «Е-халық» үшін…

Түнімен жұмыс істейтіндер осылай деп ұрандатып жүр екен Соңғы кездегі талап бойынша мемлекеттік мекеме қызметкерлері кешкі сағат 19-да жұмыстарын аяқтап, бөлмелерінен шығып кетулері тиіс. Себебі олардың да отбасы, бала-шағалары бар. Кешкі уақыттарын солармен бірге өткізулері керек. Әрине бұл жаңалыққа мемлекеттік мекемеде жұмыс істейтіндердің үлкені де, кішісі де қуанған болатын. Бірақ қуаныштары ұзаққа созылмаған секілді.  Бұл […]