Әлеумет Басты жаңалықтар

Тұрғын үй сертификатын қалай аламыз?

Шымкентте 51 отбасы сертификат алды. Тұрғын үй сертификаттарына өтініш қабылдау биыл 16 қаңтардан басталған-ды. Өтініштер сұрыптала келе ақпан айының қорытындысы бойынша жалпы сомасы 47,9 миллион теңгенің тұрғын үй сертификаты 51 азаматқа тиесілі деп шешілді. Олардың қатарында I және II топтағы мүгедектігі бар 10 азамат болса, мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасылар саны –9.

Тұрғын үй сертификатын жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 5 бала, көпбалалы 16 отбасы, толық емес 8 отбасы да иеленді.

Бюджеттік мекеме қызметкерлері арасынан 3 азаматқа да осындай сертификат берілді.

Тұрғын үй сертификаты дегеніміз не? Оны кімдер ала алады?  Бұл әлеуметтік көмек ретінде қарыз сомасының 10%-ы, бірақ 1 000 000 (бір миллион) теңгеден аспайтын мөлшерде қайтарымсыз негізде берілетін сертификат.

Ол I және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларына, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған, 29 жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға беріледі.

Сонымен бірге, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне, бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар мен көпбалалы, толық емес отбасыларына және Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарының қызметкерлеріне де осындай сертификат беріледі.

Өтініштерді http://kezekte.kz интернет ресурсы арқылы жолдауға болады.  Ол үшін электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы қажет.

«Биыл 500,0 млн. теңгеге қайтарымсыз негізде тұрғын үй сертификаттарын беру жоспарлануда. Жыл басынан бері 103 азаматқа тұрғын үй сертификаты берілді» дейді сала мамандары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *