Күн салқындап, адамдардың иммунитеті төмендей бастаған кезеңде жұқпалы ауруларды оңай жұқтырып алу қаупі күшейеді. Әсіресе, тұмау кең таралады. Тұмау — кез келген адам жұқтыруы мүмкін қауіпті ауру. Тұмау тиген адамнан тараған вирус тасымалдаушы болып табылады. Адамның көбі тұмаумен бірнеше күн ғана ауырады. Бірақ кейбіреулердің жағдайлары күрт нашарлап, тіпті соңы қайғылы аяқталуы да ықтимал. Сол үшін […]
Біле жүріңіз
Күз – сазанның құнарлы, дәмді кезі
Күзде ағзаны нығайтатын тағамдарды жиірек пайдаланған дұрыс. Себебі күндізгі уақыт қысқарып, қажетті дәрумен, минералдарды беретін жеміс-жидек те азайып келеді. Ауа салқындап, түрлі жұқпалар бой көтеретін маусымда дұрыс тамақтана білген маңызды. Жалпы, аптаның бір күнін «балық күні» етіп алуға болады. Себебі балық етінде дәрумендер, әсіресе аса қажет «Д» витамині, минерал, микроэлементтер, омега қышқылдары көп. Қазір малдың […]
Жылу сақтаудың қауіпсіз жолдары
Адам денесі үшін жылудың маңызы зор. Егер ішкі жылудың реттелуі бұзылса, онда ағзада жағымсыз жайлар туындайды. Жылу түзетін тағамдар жеңіз Дене температурасының оңтайлы жағдайында (+36-37 градус) ферменттер дұрыс жұмыс істейді, ағзадағы зат алмасуын орнымен реттеп отырады. Ас дұрыс қорытылады, қажетті заттар тиісті жеріне дер кезінде жетеді, жасушалардың қызметі қалыпты деңгейде болады. Ал адам қандай да […]
Еркек қуаты қалай төмендейді?
Бүгінде әлеуметтік желілерде «еркектік қуатыңды арттырады, мықты боласың» деп небір қоспаларды жарнамалаушылар көп. Оны кейбір қыздардың анайы түрде жарнамалап отырғанын көргенде «бұл адамдар не боп барады» деген ойға қаласың. Сөздеріне құлақ түрсең, «Қазіргі ерлердің бел қуаты олардың әкелерінің кезіндегідей емес, төмен. Олардың бойында тестостерон гормондарының төмендеуі жалғасып келеді. Сондықтан осындай ғажайып қоспаларды ішіп тұру керек» […]
Долана – мың бір дертке дауа
Қазір долананың пісіп жатқан уақыты. Таудан терушілердің оны саудаға шығарғанына да біраз уақыт болды. Долана жемісін қыстың аязды күндері келгенше тере беруге болады. Табиғаттың өзге де тартулары сияқты долананың да адам ағзасы мен денсаулығына тигізетін жағымды әсері мол. Өйткені құрамында түрлі дәрумендер мен қышқылдар, минералдар, микроэлементтер, пектин, танин, кумарин, алкалоид, эфир майы, каротин сынды пайдалы […]
Сиыр – сырбаз жаратылыс
Газетімізде Құран-Кәрімде аталған жан-жануарлар жөнінде танымдық мақалалар жариялауды жалғастырамыз. Осы кезге дейін үй жануарларының ішінен жылқы мен түйе түліктері жөнінде жаздық. Бүгін Зеңгі баба тұқымы – сиыр малы туралы айтайық. Сүті, майы пайдалы… Қасиетті Құран-Кәрімнің бір сүресі толықтай «Сиыр» («Бақара») деп аталады. Бұл сүренің 67-73-аяттарында Бани-Исрайыл қауымында болған адам өліміне қатысты оқиға баяндалады. Онда қылмыскерді […]
Жұмыртқа жеңіз, жүдемейсіз
Күздің күні біртіндеп салқындап, түн ұзарып келеді. Адам ағзасы осы өзгерістерге бейімделуде. Түрлі жұқпалар бас көтеретін күзгі маусымда оған қуат көбірек керек. Ағзаны нығайтатын азықтың бірегейі – жұмыртқа. Пісуі тез, берері мол бұл азықты мамандар былай деп сипаттайды: «Жұмыртқа ағзаны қажетті дәрумен, қышқылдармен, кальций, фосфор, селенмен, биотинмен, басқа да минералдармен байытады. Оның құрамында жүйке жүйесіне, […]
Түйе – түлік төресі
Ежелден тіршілігі мал шаруашылығымен біте қайнасқан бабаларымыз үй жануарларын қастерлей білген. Төрт түлікті түгендегенде түйені басында, бірінші атайды. «Түйе – түліктің төресі, малдың ұлығы» дейді. «Біз оларды сынау үшін түйелерді жібереміз»… Түйе туралы қасиетті кітабымыз Құран Кәрімде бар. Сенушілер мен сенбейтіндердің тағдыры талқыланатын Қиямет күні жөнінде, Дәуіт пен Сүлейменнің әңгімелері туралы баяндалатын «Сәбә» сүресінің 14-ші […]
Бұл айда жел жиілейді
Қыркүйектің соңын ала Алатауға қар түсті. Ал кешегі 5-6-қазан күндері еліміздің бірқатар өңірлері алғашқы қарды қарсы алды. Бұл жөнінде әлеуметтік желілерде Астананың, Қостанайдың, Ақтөбе облысындағы бірқатар аудандардың тұрғындары хабарлап, бейнежазбалар жүктеді. Ауасы салқын тартқан Оңтүстіктің жұртшылығы да «қыстың қыр астында екенін» сезінгендей болды. Алдағы ауа райы қандай болмақ? Бұған қатысты «Қазгидромет» республикалық ауа райын болжау […]
БРУЦЕЛЛЕЗ – ҚАУІПТІ АУРУ
Бруцеллез – ауыл шаруашылығы жануарлары арасында кең таралған және адамға да жұғу ықтималдығы жоғары аса қауіпті жұқпалы аурулардың бірі. Ауруды Brucella туысына жататын бактериялар қоздырады. Бруцеллез мал шаруашылығына экономикалық зиян келтіріп қана қоймай, адам денсаулығына да елеулі қауіп төндіреді. Бруцеллез қандай жануарларда кездеседі, енді осы туралы айта кетейік. Ол негізінен ірі қара, қой-ешкі, шошқа сияқты […]









