Uncategorized

ЖАҢА СТАДИОН САЛЫНАДЫ

Тұрақты оқырмандарымыздың есінде болар, газетімізде «Шымкентке жаңа стадион керек пе?» деген сауалнама жарияланған болатын. Оған қаланың қарапайым тұрғындарынан бастап, спортшы, жанкүйер азаматтар өз ойларын ортаға салып, пікірлерін айтқан еді. Бәрінің де пікірі қазіргі қолданыстағы стадионның ескіргенін айта келе «Есікіні жөндеп жамай бергенше, жаңасын салған жөн. Тағы бір заманауи стадион мегаполиске артықтық етпейді» деген ойға тоқайласқан болатын. Енді міне бұл талап-тілек те орындалғалы тұр. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Тұран-2» шағын ауданында бой көтеретін жаңа стадионның құрылыс алаңында болып, капсула салу рәсіміне қатысты. Тарихи оқиғаға футбол ардагерлері мен қоғам белсенділері, «Ордабасы» клубының қызметкерлері, бапкерлері мен ойыншылары, БАҚ өкілдері, жергілікті футбол жанкүйерлері де куә болды.

Болашақта сыйымдылығы 35 мың орын болатын бұл арена 21 гектар аумақта орналасатын болады. Стадион құрылысын 2026 жылы аяқтау жоспарлануда. Жаңа спорт нысаны халықаралық матчтарды өткізуге арналған УЕФА талаптарына сәйкес бой көтереді. Архитектуралық дизайнмен салынатын сәулетті стадион мегаполистің көркін арттырады.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, Шымкентте 1969 жылы салынған бір ғана стадион 18 мың адамға лайықталған. Заманауи арена халықаралық деңгейдегі спорттық іс-шараларды өткізуге, қаланың спорттық имиджін жақсартуға, жергілікті халықтың спортқа деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік, сонымен қатар туризмді дамытуға ерекше серпін береді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *