Салауатты өмір салтын құруды бала бақшадан бастаған жөн. Дене тәрбиесі балалардың күтімі мен өсуіне
қолайлы мәдени – гигиеналық жағдай жасау, дұрыс жасалған күн тәртібі, тамақтандыру, дененің тазалығы, баланың жасына және ауа райына жылы-
жайлы киіну, гимнастика және қимылды ойындар ойнату, ұйқысын ұйымдастыру, серуенге шығау, күнді, ауаны, суды тиімді пайдалану негіздерін қалыптастырады.
Шынықтыру құралдары: ауа, су, күн. Күнделікті өмірде тәрбиеші бұларды сауықтыратын процедура түрінде , ауа және күн ваннасын, шомылу, сулы шүберекпен ысқылану, үстіне суық су құйыну түрінде пайдаланады. Басқа
тәрбие салалары сияқты балабақша дене тәрбиесін ұйымдастыру барысында да балабақша меңгерушісі жауапты. Ол балалар өмірінің күн тәртібін
жасауға, оның орындалуын бақылауға, тәрбиешілердің жұмыстарын тексеруге тиіс. Балалармен жұмысты тікелей тәрбиеші жүргізеді және олардың өміріне , денсаулығына, дамуына дербес жауап береді. Мектепке дейінгі ұйымдардың негізгі міндеттерінің бірі – балаға қимыл негіздерін үйрету. Негізгі қимылдарға жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, өрмелеу сияқты қимылдар жатады. Балаларды мақсатқа бағытталған қимыл жасауға, қажет
кезінде қимылды тежеу әрекеттеріне үйрету керек. Қимылдың тәрбиелік әсері де зор: ойын, гимнастикалық жаттығулар мен еңбек үстінде балалардың
кеңістікті бағдарлау, шапшаңдық, дәлдік, ептілік қасиеттері, ұжымдық қарым-қатынастары тәрбиеленеді.
Р.Ж.Сапарбекова, Шымкент қаласы Еңбекші ауданының
санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының бөлім басшысы.