Шымкент

Ауыз су көлемін арттыру қажет


Шымкент қаласында халық саны артып, мегаполистің көлемі ұлғайып келеді. Бұл ауыз суға деген сұранысты арттыратыны сөзсіз. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС осы күрделі мәселе бойынша ауқымды жұмыстар істеуде.

«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС мамандарының мәліметі бойынша, 2023 жылдың жазында бір тәулікте 250 мың текше метрден астам көлемде ауыз су тұтынылған. Бағалы ресурстың негізгі бөлігі Ақбай-Қарасу су қабылдағышында (тәулігіне 150 мың текше метрге дейін) өндіріледі, одан басқа Шымкентті сапалы ауыз сумен қамтамасыз ететін тағы 4 су қабылдайтын құрылғы бар. Тұрғындар саны мен қалалық инфрақұрылымның жәйін ескерсек, қалаға берілетін ауыз су көлемін арттыру қажет. Сондықтан Ақбай-Қарасу су қабылдағышынан қосымша — төртінші су құбырын тарту жұмысы басталмақ.

— «Ақбай-Қарасу» су қабылдағышынан диаметрі 800, 1000 және 1200 миллиметр болатын 3 су құбыры салынған. Су көлемі барынша артқан кезде олардың максималды өткізу қабілеті 150 мың текше метрге жетеді. Шымкентті қажетті көлемде ауыз сумен сапалы қамтамасыз ету үшін 4-ші су құбырын салу керек, сол арқылы қажетті көлемде су жіберіледі», — дейді «Су ресурстары-Маркетинг»  ЖШС Бас директорының орынбасары Бекжан Ешімбетов.

Бұл өте маңызды жоба. Сондықтан қажетті техникалық сараптамалар жасау, жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау, жобаны мемлекеттік сараптама негізінде қорғау, қаржыландыру көзін шешу ұзаққа созылатын іс емес. Шымкенттің жаңа шағынаудандары тұрғындарын, мекемелерді ауыз сумен қамту үшін құрылыс жұмыстарын бастау және қысқа мерзімде аяқтау талабы тұр.

С.Жұмағұлова

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *