Тамақтан, яғни астан улану – тағам арқылы берілетін этиологиясы сан алуан кеселдер тобына жатады.
Тамақтан улану — табиғаты микробты және микробсыз болып бөлінетін, ластанған тағамдарды қолдану салдарынан пайда болатын, қарым-қатынас арқылы жұқпайтын ауру.
Уланудың негізгі белгілері — жүрек айнуы, іш ауырады, құсу, температураның көтерілуі, денедегі ауырсыну және бас ауруы, іш өту, денедегі әлсіздік болады.
Азық-түлікпен улану немесе тамақтан улану – сапасыз өнімдерді пайдаланудан болатын ауыр жағдай.
Тамақтан улануға мерзімі өткен сүт өнімдері, нитраттары көп тағам өнімдері, жабық консервілер – бірден-бір себеп.
Тамақ токсикоинфекциясы, яғни тағамнан улану микроорганизмдері, олар — стрептокококтар, стафилококтар, ботулизм бактериялары, шигеллалар, сальмонеллалар.
Сапасыз тағамдар микробтардың көбеюіне, олардың уының пайда болуына жағдай туғызып адамдардың тамақтан улануына алып келеді.
Микроорганизмдер сапасыз тамақ ішкеннен кейін, оған түскен микробтарға байланысты уланудың алғашқы белгілері тамақтан кейін бір-екі сағаттан кейін пайда болуы мүмкін, басқа жағдайларда олар қоздырғышқа байланысты 12 және одан да көп сағаттан кейін пайда болады. Уланған адамда жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, жиі (тәулігіне 10-20 рет) іш өту пайда болады. Адамның жалпы көңіл күйі нашарлайды: артериялық қысым төмендейді, пульс жиілейді, температура көтеріледі, кейде естен тану арқылы тырысулар пайда болуы мүмкін.
Тамақтан улануды болдырмау үшін тамақтану гигиенасының, тағамды сақтау мен дайындаудың қарапайым ережелерін орындау қажет:
— жеке гигиена ережелерін сақтау;
— қолды жиі жуу, әсіресе қоғамдық орындар мен дәретханаға барғаннан кейін; — тамақ дайындау кезінде бір рет қолданылатын резеңке қолғапты қолдануға болады;
— ас үй ыдысын, плитаны, үстелдің бетін, раковинаны, тақтайшаларды арнайы құралдармен жуу және таза ұстау;
— тамаққа қолданылатын өнімдерді өңдеу және сақтаудың барлық ережелерін сақтау тиіс;
— жаңа және дайын өнімдерді өңдеу үшін әр түрлі пышақ пен кесу тақтайларын пайдалану керек;
— өнімдерді жәндіктер мен кеміргіштерден қорғау. Азық-түлік ашық жерде, еденде сақталмау тиіс;
— өнімдерді ауаның түсуінен барынша оқшаулап, ыдысты қақпақпен жауып, ыдыс-аяқ пленкамен жабылу қажет;
— қоқыс шелегін дезинфекциялау құралдарымен өңдеп, оны қақпақпен жауып, қоқыстан жиі босату керек;
— Таза судың мол ағынымен жеміс-жидектер мен көкөністерді шайыңыз.
Тамақтан уланудың алдын алу, олардың салдарларымен күрескеннен гөрі, тамақ сатып алудан бастап тамақтанғанға дейінгі барлық кезеңдерде алдын алу шараларын сақтау, тамақтан улануға жол бермейді.
Тамақтан уланбау үшін азық-түлік сатып алғанда, сақтаған кезде және дайындаған мезетте алдын алу шараларын орындау қажет. Жазда азық-түлік өнімдерінің ластануына үлкен қауіп бар. Себебі шыбын-шіркейлер молаяды, олар микробтарды тасушылар болып саналады және күннің ысуы да себеп.
Денсаулығыңызды күтіңіз!
Қарапайым кеңестерді ұстану Сіздің және отбасыңыздың денсаулығын сақтайды!
А.Асанбаева, Шымкент қаласы Еңбекші ауданының
санитариялық эпидемиологиялық бақылау
басқармасының бас маманы