Uncategorized Біле жүріңіз

Шымкентте үй аларда абайлаңыз!

Артық болмас білгенің!

Пәтер сатып алуда абай болыңыз! Себебі әзірге сатып алуға болмайтын үйлер бар. Иә, дәл солай.  Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының мамандары тұрғындарға осындай кеңес беріп отыр.

 Олар анықтап, сатып алуға болмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімін жасаған. Бұл тұрғын үй кешендері үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаты жоқтығына және құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның болмауына байланысты ұсынылмайды екен. Сонымен,

Абай ауданы бойынша:

1. «РАМАДАН» ТК – «Асар-2» шағынауданы, 3195/1 учаске

2. «BAQSARAI» ТК – «Асар-2» шағынауданы, 3203 учаске

Әл-Фараби ауданы бойынша:

3. Көпқабатты тұрғын үй (атауы жоқ) – «Күншығыс» шағынауданы, Жібек Жолы даңғылы, 63

Тұран ауданы бойынша:

4. «AVENUE-32» ТК – Н.Төрекұлов көшесі, 4/3

5. Көпқабатты тұрғын үй (атауы жоқ) – «Отырар» шағынауданы, М.Дулати көшесі, 206А

 Сонымен қатар, «Шымкент Сити» шағынауданында орналасқан «DAMDES-OTAU» тұрғын үй кешені, 10 және 15А учаскелері бойынша пәтер иелерінен тұрғын үй сапасына қатысты шағымдар түсіп жатыр.

Құжаттардың бар-жоғын тексеру үшін қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына хабарласуға болады.

Байланыс нөмірі: 8 747 430 16 03.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *