Шымкент

 Автобустар көбейді

          

Тұрғындардың өтініші бойынша Шымкентте белгілі бір бағыттағы автобустардың жүру жиілігі артып, көлік саны көбейтілді. Себебі бұл аймақтарда тұрғындардың қала орталығына қатынауы көп. Атап айтқанда, №16, №108, №61, №171, №180, №191 маршруттарға қосымша 12 автобус қосылып отыр. «Бұл өз кезегінде автобустардың аралық интервалын азайтып, жолаушылардың қоғамдық көліктерді ұзақ күтпеуіне септігін тигізеді», — дейді сала мамандары.

Айталық, №276 орамда жолаушылар ағынының артуына байланысты №16 автобус маршрутына қосымша 2 кесте қосылды. Қазіргі уақытта 10 автобус 15 минуттық жиілікпен қатынауда. Ал, №108 бағыттағы 10 автобус «Шымсити» шағынауданынан «Күншығыс» шағынауданына (ХҚКО) дейін күнделікті жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетіп келген еді. «Шымсити» шағынауданы тұрғындарының өтініштерін ескере келе сала басшылары №108 автобус маршрутына қосымша 2 кесте қосты. Енді бұл бағыттағы 12 автобустың жұмысы 15 минуттық жиілікпен ұйымдастырылды.

«Нұршуақ» шағынауданының тұрғындары №61 автобус маршрутындағы автобустардың аздығын айтып шағымданған еді. Бұл бағытқа да 2 кесте қосылып, бүгінде 14 автобус 13 минуттық аралық жиілікпен жолаушыларды тасымалдауда. №171 бағыт – «Бозарық» шағынауданы (саяжай) – Әскери комиссариат» аралығында қатынайды. Бұрын бұл бағытта 10 автобус қызмет көрсетіп келген болса, енді жолаушылар ағынының артуына байланысты қосымша екі кесте енгізіліп, қазіргі таңда 12 автобус 12 минуттық жиілікпен жүруде. «Көкбұлақ тұрғын алабы – Гүлжан аялдамасы» аралығында жүретін №180 бағытқа да автобус қосылды. Алдын бұл бағытта 8 автобус қызмет көрсетіп келген болса, енді қосымша екі кесте енгізіліп, қазіргі таңда 10 автобус 15 минуттық жиілікпен жүреді. Қарабастауға қатынайтын №191 бағыт осы тұрғын алаптан бастап, Б.Момышұлы көшесіне дейін келеді. Аталған маршрутта жолаушыларды күніне 8 автобус тасымалдаса, қазір қосымша екі кесте енгізіліп, 10 автобус 15 минуттық жиілікпен жүре бастады.

Осылайша шымкенттіктердің талап-тілегіне сала мамандары дер кезінде құлақ түріп, мәселенің дау-дамайсыз шешілуіне мүдделі болып отыр. Бұл тұрғындар үшін де өте ыңғайлы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *