Шымкент

Кәсіби аурулардың алдын алу 

     Кәсіби аурулар –белгілі бір мамандыққа байланысты  кәсіпорынның зиянды  әсерінен болатын ауру. Кәсіби аурулар  кәсіпорындардағы  санитарлық-гигиеналық ережелердің  дұрыс орындалмауынан , шу, діріл,еңбек және демалыс тәртібінің  бұзылуынан,жұмысшылардың техникалық  қауіпсіздік ережелерін  сақтамауынан пайда болады. Мысалы шаң-тозаңы  көп жерде жұмыс істеген адамның өкпесі пневмокониозға (өкпені шаң басу), ал  радиоактивті препараттармен  жұмыс істейтіндер  сәуле ауруына шалдығады. Кәсіби аурулардың жедел және созылмалы  түрлері болады. Жедел кәсіптік ауру-әдетте қызметкерге зиянды өндірістік  факторлардың  бір реттік (бір жұмыс күнінен,бір жұмыс ауысымынан аспайтын) әсер етуінің нәтижесінен  болатын ал  созылмалы кәсіптік ауру-зиянды өндірістік факторлардың қызметкерге ұзақ уақыт әсер  етуінің нәтижесінен  болатын, кәсіптік еңбекке қаблеттілігін уақытша немесе  тұрақты  жоғалтуға әкеп соққан ауру. Кәсіби ауруларды азайту үшін:

     -жұмысшыларды уақытылы  медициналық тексеруден  өткізу қажеттілігі  ҚР ДСМ-нің «Алдын-ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу» №ДСМ-131/2020 бұйрығымен айқындалған.

-жұмыс орындарында жеке қорғаныш  құралдарын   атап айтқанда:құлаққап, қорғаныс қолғаптары, көзілдірік, респираторлар, арнайы киім, бас киім, аяқ киімдерді  қатаң түрде пайдалану маңызды орын алады.

-жұмыс түріне  қарай жұмыс күні мерзімін қысқарту,жыл сайын қосымша демалыс беру, жұмыс кезінде үзіліс жасау (15-20мин),техникалық шараларды іске асыру кәсіби аурулардың санын азайтуға мүмкіндік береді.

Кәсіптік арулардың  алдын алуда  қажетті сауықтыру  және емдеу  шараларын  уақытылы  жүргізу абзал.

Г.Шонжанова, Шымкент қаласы  Әл-Фараби  ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *