Бүгінгі күнде әрбір тұтынушы сатып алып жатқан тағам өнімі жөнінде және өндірушісі туралы толық және нақты мәлімет алуға құқылы.
Қажетті мәліметтердің барлығы өнімнің қорабында немесе орамада таңбалау арқылы көрсетілуге тиіс. Таңбалауда болуға тиісті ақпарат Кеден Одағының 022/2011 «Тағам өнімдерінің таңбалау бөлігі» техникалық регламентінің талаптарында көрсетілген.
Тағам өнімдерін таңбалауда көрсетілуге тиісті мәліметтер:
- тағам өнімдерінің атауы;
- тағам өнімдеріне қатысты құрамы, тағам өнімдерінің мөлшері, тағам
өнімдерінің жасалған күні, тағам өнімдерінің жарамдылық мерзімі туралы мәліметтер; - дайындаушының сауда белгісі;
- тағам өнімін дайындаушының атауы мен орналасқан жері, сондай-ақ
осы Кеден одағы техникалық регламентінде белгіленген жағдайларда дайындаушының уәкілетті тұлғасының атауы мен орналасқан жері, импорттаушы-ұйымның атауы мен орналасқан жері; - тауардың негізгі тұтынушылық қасиеттері туралы, тағамның
биологиялық және энергетикалық құндылығы туралы мәліметтер және белгілі бір аурулар кезіндегі қарсы көрсетімдер туралы мәліметтер; - тағам өнімдерінің тағамдық құндылығының көрсеткіштері;
- тауар массасының шамасы, көлемі, саны;
- тағам өнімдерінде генетикалық түрлендірілген ағзаларды қолданып
алынған құрауыштардың бар-жоқтығы туралы деректер (өнімнің құрамында генетикалық түрлендірілген ағзалар болған жағдайда ГТА деп көрсетіледі); - Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында өнімдердің айналуының (ЕАС) бірыңғай белгісі болуы тиіс;
- тағам өнімдерін таңбалау Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында тиісті талаптар болған кезде орыс тілінде және Кеден одағына мүше мемлекеттің мемлекеттік тілінде жазылуы тиіс.
Өз денсаулығымызға пайдасы бар, құнарлы тағамдарды таңдай білу үшін, жоғарыдағы айтылған тағам өнімдерін таңбалауына қойылатын негізгі талаптарға аса мән беруіміз қажет. Сыртында таңбалануы толық жазылмаған жағдайда, сатушыдан ақпарат алуға болады және сатушы сізге тауар туралы толық, әрі нақты ақпаратты беруге міндетті.
А. Ахметов, Шымкент қ. СЭБД басшы орынбасары.