Қоғам

Мемлекеттік бажды кімдер төлемейді?

Сонымен, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік бажды төлеуден кім босатылады?

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалы азаматтардың жекелеген санаттары үшін АХАТ қызметтерін алу барысында мемлекеттік баж салығын төлеуден босатылатыны туралы хабарлайды.
Бұл ретте азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу қызметтері үшін келесі санаттағы азаматтар мемлекеттік бажды төлеуден босатылады:

  • Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері,
  • Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар,
  • 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектігі бар адамдар,
  • сондай-ақ бала кезінен мүгедектігі бар адамның, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі, қорғаншылар (қамқоршылар);
    Естеріңізге сала кетейік, жеңілдік санаты бойынша қызмет алу үшін клиент растайтын құжаттарды ұсынуы керек.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *