Біле жүріңіз

Балалар тамақтан уланбасын десек…


        Тамақтан улану – адам ағзасына улы әсер ететін микробтармен, токсиндермен және микробты емес заттармен ластанған тағамды жегеннен пайда болатын жедел (кейде созылмалы) ауру.

 Улану көбінесе мерзімі өтіп кеткен, бактериялармен ластанғаннан, сондай-ақ химиялық заттармен бүлінген азық-түлікті қолданғанда, сонымен қатар жеке бас гигиенасын сақтамағанда  пайда болады.

— тыйым салынатын тағамдарды қолдануға жол берілмейді;

— тамақтану ережелерін қатаң сақтаған жөн;

— шикі және пісірілген азық-түлікті бір-бірімен араластыруға болмайды, өйткені, дұрыс пісірілген тамақ шикі тамақпен қосылу арқылы ластануы мүмкін;

— қолды жиі жуу және жеке бас гигиенасын сақтау өте маңызды;

— барлық санитарлық ережелерді қатаң сақтау қажет, соның ішінде ыдыс-аяқтар мен едендерді зарарсыздандыруды қолдану, қолданылатын мүкәммалды уақтылы ауыстыру.





Жаз мезгілінде тез бұзылатын  тағамдарды дұрыс сақтамаған жағдайда, келесі өнімдерден уланудың қаупі бар:

* сүт өнімдері (негізінен сүзбе және балмұздақ);

* жұмыртқа;

* балық өнімдері және теңіз өнімдері;

* ет;

* крем қосылған кондитерлік өнімдер;

* дайын салаттар;

* фаст- фудтар;

* консервіленген өнімдер, әсіресе үйде жасалған. Тамақтан уланудың белгілері:

* Жүрек айну;

* Қатты құсу;

* Асқазанның бұзылуы;

*Диарея (күніне бірнеше ретке дейін).Балалар мен ата-аналарға Сау болуларын тілейміз!

Ш.Айботаева, Шымкент қаласы Тұран ауданының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары                                                    

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *