Біле жүріңіз

Пиротехникалық заттарды қолдануда сақ болыңыз!

Жаңа жыл   қарсаңында дүкен және сауда орталықтарының сөрелері сан түрлі пиротехникалық   өнімдермен көздің жауын алады. Негізінен  пиротехника- бұл маусымдық тауар. Қазіргі кезде бұқара тұтынушыларға тұрмыстық қолданысқа арналған  пиротехникалық  өнімдер ұсынылған, оларды пайдалану кезінде арнайы білім мен дағды қажет  емес.Дегенмен, кәдімгі дүкен немесе базар сөрелерінен  пиротехникалық  өнімдерді сатып алуда абай болған жөн. Баса  назарды өнім қаптамасына  аударған  жөн.Ол зақымданбаған болуы  қажет.
      «Пиротехникалық құрамдардың және олардан тұратын бұйымдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті ҚР  Үкіметінің 2009 жылғы  04.12. №2013 қаулысымен бекітілген. Пиротехникалық бұйымдар тағайындалуы бойынша тұрмыстық мақсаттағы және техникалық мақсаттағы болып бөлінеді.
     Өнімде  мемлекеттік  не болмаса  орыс тілінде жазылған қолдану нұсқаулығы  болуы шарт.Қаптамада міндетті түрде  от шашу саны,көлемі және әсері туралы мәлімет көрсетілуі қажет. Ақауы бар, мыжылған, суланған, сұр немесе қара түсті бояуы шашылған өнімдер қауіпті болуы ( аяқ асты жанып жанып кетуі) мүмкін. Пиротехникалық құралдарды қаптамасыз сақтауға  және қалтада сақтауға болмайды. Пиротехникалық өнімдерді қатты жел кезінде ғимараттар мен үйден 30м. қашықтықта қолдану керек. Пиротехниканы  қолдану тек нұсқаулыққа сай және үлкендердің қатысуымен қолдану қажет. Үй  жағдайында   тек хлопушка мен  бенгаль отын қолдануға  рұқсат етіледі. Қалған пиротехникалық өнімдерді сақтық шараларын сақтай отырып, үлкендердің қатысуымен ғимараттан тыс ашық жерде қолдануға болады. Балалардың өз  бетінше үлкендердің назарынан тыс қалған кезде қолдану көптеген  бүлдіршіндердің  зақым  алуына, әсіресе көз  жанарының зардабына әкеп соқтырады. Жерге түскен ракета тәріздес пиротехника   қалдықтарын жинамаңыз, олар қолыңызда жарылып кетуі мүмкін.
    Егер де сіз мерзімі өтіп кеткен петарда не болмаса  өзге де пиротехникалық  өнімді сатып алған болсаңыз, оларды отқа тастап жоймаңыз. Оларды жоюдың ең  тиімді жолы; оларға су құйып, екі сағат күтіп, кәдімгі қоқыстармен бірге қоқыс жәшігіне тастасаңыз болады.
    Мереке күндері отбасыңызда келеңсіз жағдай орын алмас үшін ересектер тарапынан балалардың от шашу кезінде жанында болып, балаңыздың және өзіңіздің денсаулығыңызды сақтаңыз!
 

Б.Карибаева,

Шымкент қаласы Абай ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *