Біле жүріңіз

Өндірістік объектілерде бақылау жүргізіліп тұрады

Өндірістік бақылау — объектілерде санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарында белгіленген талаптардың сақталуына өзін-өзі бақылау жүргізу арқылы өндірілетін өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам мен мекендеу ортасы үшін қауіпсіздігін және (немесе) зиянсыздығын қамтамасыз етуге бағытталған жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғалармен, оның ішінде зертханалық зерттеулер мен сынақтарды орындайтын кешенді іс-шаралар.
Өндірістік бақылау мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын өнімді өндіру, қолдану, сақтау, тасымалдау, өткізу, жинау, кәдеге жарату және (немесе) жою жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындарға қажет.
Өндірістік бақылауды жүргізуге міндетті:
1)өнеркәсіптік кәсіпорындар (оның ішінде радиациялық объектілер);
2)тамақ өнімдерін өндіру және айналымының объектілері;
3)коммуналдық гигиена объектілері;
4) фармацевтикалық және (немесе) медициналық қызмет жүзеге асырылатын сауықтыру ұйымдары, емдеу-профилактикалық, стоматологиялық клиникалар, кабинеттер, денсаулық сақтау ұйымдары;
5) дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық құралдарды өндіру және (немесе) дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық қызметтерді көрсететін объектілері;
6) балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру, балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілері;
7) химиялық заттарды, агрохимикаттарды және пестицидтерді сақтау және пайдалану жөніндегі объектілер;
Зерттеулердің кезеңділігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің  2023 жылғы 11 сәуірдегі  №  62 бұйрығымен бекітілген «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» СҚ-ға сәйкес белгіленеді. Жыл сайынғы, тоқсандық немесе ай сайынғы зерттеулер өндірістік факторлардың зияндылығына байланысты жүргізіледі.
Өндірістік бақылау жүргізу үшін өндірістік бақылау бағдарламасы әзірленеді және бекітіледі.
Бағдарлама нормалау құжаттарында белгіленген жағдайларда зертханалық зерттеулер мен өлшеулерді қамтиды:
1. жұмыс орындарындағы, өндірістік алаң аумағындағы өлшеулер;
2. экологиялық өндірістік бақылау бағдарламасы бойынша санитариялық-қорғаныш аймағының шекарасындағы атмосфералық ауаны бақылау;
3. тамақ өнімдерімен және сумен жанасатын шикізатты, жартылай фабрикаттарды, буып-түю материалдарын, бұйымдарды бақылау; олардың қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болуын бақылау;
4. медициналық тексерулерден уақтылы және толық өтуін бақылау, сондай-ақ жеке медициналық кітапшаларды есепке алу;
5. қауіп факторларын бағалау, анықталған қауіптерді, өндірістік және қоршаған орта факторларының қауіпсіздік және (немесе) зиянсыздық критерийлерін талдау және қауіптерді басқаруды қамтамасыз ету үшін бақылаудың сындарлы нүктелерін айқындай отырып, процестердің (пайдалану, жинау, тасымалдау, сақтау, залалсыздандыру, кәдеге жарату, қайта өңдеу, көму) қауіпсіздігін бақылау әдістерін айқындау;
6. Халықты, жергілікті атқарушы органдарды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарын авариялық жағдайлар, өндірістің тоқтауы, технологиялық процестердің бұзылуы туралы хабардар ету схемасын әзірлеу.
Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өндірістік бақылаудың тиімді жүйесін әзірлейді, құжат жүзінде ресімдейді, енгізеді және жұмыс жағдайында ұстайды.
🔈Балалар мен жасөспірімдерді білім беру және тәрбиелеу, балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту объектілерінде, интернаттық ұйымдар, сауықтыру объектілері нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес өндірістік бақылау ұйымдастырылады және жүргізіледі.
өндірістік бақылау микроклиматты, ауа ортасын, физикалық факторларды, топырақты, азық-түлік (тамақ) шикізатының, жартылай фабрикаттардың, қосалқы материалдардың, дайын өнімнің, судың сапасы мен қауіпсіздігін химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық, паразитологиялық қауіпсіздік көрсеткіштеріне, сондай-ақ ұйымдардың санитариялық жай-күйін бағалау кезіндегі санитариялық-бактериологиялық көрсеткіштерге зертханалық зерттеулерді, жүргізілетін профилактикалық дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық жұмыстардың тиімділігін бағалауды қамтиды.
Өндірістік объектілерүшін  жұмысшылардың жағдайы жасалуы, тұрмыстық бөлмелермен қамтылуы, емдеу-сауықтыру қызметін және мәдени бос уақытты жүзеге асыратын бағдарламаларын іске асыратын жұмысшыларды сауықтыру ұйымдарындағы өндірістік бақылаудың тәртібі мен кезеңділігін қызметті көрсетуші айқындайды.
Өндірістік бақылау санитариялық-эпидемияға қарсы талаптардың өндірістік объектілерде дезинфекциялық іс-шаралардың сақталуын бақылауды көздейді,сондай-ақ өндірістік мекеменің санитариялық жай-күйін бағалау кезінде санитариялық-гигиеналық көрсеткіштерге зертханалық зерттеулерді,жүргізілетін профилактикалық дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық жұмыстардың тиімділігі, қолданыстағы нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес балалардың келгендегі және сауықтыру жағдайларын бақылау.

Тақырыпты қортындылай келе, егер мекеме өндірістік бақылау бағдарламасын дайындап, сол бағдарлама бойынша жүйелі түрде іс-шараларды жүргізген жағдайда сол өндірістік мекеменің санитариялық жай-күйі, жұмысшылардың жағдайы жақсарып, өндірістік  технологиялық үрдісті модернизациялау арқылы өндірісте нәтижелі көрсеткіштерге жетуге болады.

Г.Б. Керимбаева,

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау  басқармасының жетекшісі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *