Өз қауіпсіздігіңіз және айналаңыздың қауіпсіз болуы Сізге де көп байланысты. Сақ болыңыз, өрт қауіпсіздік ережесін қатаң сақтаңыз. Қандай жағдай болса да ақыл-есіңізді жоғалтпаңыз, қауіп деңгейін және өз күшіңізді дұрыс бағалауға тырысыңыз!
Мас күйде төсекте шылым шегіп ұйықтап кеткендердің көбі қайта оянбайды. Өйткені, олар шылым шоғының тұтануынан тарайтын тұншықтырғыш улы газбен және синтетикалық заттардың тұтануынан бөлінентін азот тотығы және көмірсутектермен, көкшіл қышқылдармен, фосгенмен және басқа да улы заттармен уланып қалады. Уланудың белгілері: ауада 0,01% улы тұншықтырғыш газы болса әлсіз бас ауруы байқалады, ал 0,05% — бас айналады, 0,1% — талып қалады; 0,2% — комаға түседі, 0,5% — лезде өліп кетеді.
Көмір қышқыл газы 0,5% дейін әсер етпейді, 0,5%-дан 7%-ға дейін – жүрек соғысы жиілейді, тыныс алу орталықтары жансыздана бастайды, 10% — дан жоғары болса тыныс алу орталықтары жансызданып, өлімге әкеп соқтырады. Сондықтан өрт сөндірушілер үшін ашық өрт қана қауіпті емес, қарапайым болып көрінетін түтіндеудің өзімен шайқасу оңай емес екені түсінікті болар.
Д. Искаков,
Еңбекші ауданының ТЖБ инженері,
азаматтық қорғау лейтенанты