Біле жүріңіз

Сататын мал құжатсыз болмасын

Еліміздің ветеринария туралы Заңына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларының барлығы бірдейлендірілуі және деректер базасына енгізілуі тиіс. Осыған сәйкес сатылымға түсетін жануардың иесі тұрғылықты жерінің қолайлы аймақ екені жөнінде ветеринариялық анықтаманы, жануардың төлқжатын, аса жұқпалы қауіпті ауруларға қарсы егу іс-шарасы туралы мәліметті көрсетуі тиіс. Олар болмаған жағдайда мал базарға кіргізілмейді.

Тексеру жүргізу рейді кезінде тек өткен аптада ғана заңсыз мал тасымалдаған 67 тұлғаға әкімшілік құқықбұзушылық туралы  Кодекс талабына сәйкес шаралар  қолданылатыны жөнінде түсіндірілген, ескертілген. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында болған баспасөз мәжілісінде қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек бұл жайында мал сатушылар біле жүруі тиіс екенін айтты.

Д. ОРАЗ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *