Құқық

Антикор 200 миллиардты іздеп жатыр


Білім саласына бюджеттен қаржы бөлуде шымкенттік билік аянып қалған емес. Басы мақсат сапаны арттыру үшін мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту, мұғалімдердің біліктілігін арттыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комитетіндегілер Шымкент қалалық басқармасына бюджеттен бөлінген 200 млрд теңгенің қайда жұмсалғанын тексеріп жатыр.

Басқарма басшысы Жанат Тәжиева бұл қаржы мақсатты жұмсалғанын айтуда. Яғни, мұғалімдердің жалақысын төлеуге, материалдық-техникалық базаны жақсартуға, коммуналдық қажеттіліктерге жұмсалған.

– Бөлінген қаржы 200 миллиард 907 мың теңгені құрайды. Оның 174 миллиарды мұғалімдердің жалақысына жұмсалды. Бізде 38 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. Ал, ғимараттарды күтіп ұстауға және олардың коммуналдық шығындарына 3,5 миллиард теңге жұмсалды. 17 миллиард теңге оқу қорын толықтыруға кетсе, материалдық базаны жақсартуға – 6 миллиардтан астам теңге бөлінді, – дейді Жанат Арысбекқызы.

Десе де антикор мұғалімдерді жұмысқа қабылдау және аттестациялау тәртібінің заңдылығын жіті тексеріп жатыр. Сонымен бірге, жан басына шаққандағы қаржыландыру мен оқушыларға тегін тамақ беру ісін де бақылауға алған. Әзірге кемшілік қай жерден кеткені нақты айтылған жоқ. Тексеру жалғасуда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *