Жастар – үлкен күш. Оларға сапалы білім, саналы тәрбие беріп, жақсы маман болып қалыптасуына, алғашқы еңбек жолына қадам басуына қолғабыс жасау маңызды. Осы және өзге де мақсатта Түркістан облысында жыл басынан бері 4536 іс-шара ұйымдастырылып, оған 434 мыңнан астам жас қамтылған. Ресми дерекке жүгінсек, өңірде жыл басынан бері 15-34 жас аралығындағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі […]
Қоғам
Мемлекеттік тіл мәселесін күн тәртібінен түсірмейік, ағайын!
Кез келген мемлекеттің өсіп-өркендеуі мен мәдениетінің гүлденуі, ұлттық тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты екендігін қоғамның өзі күнделікті өмірде көрсетіп те, дәлелдеп те жүр. Еліміз Тәуелсіздік алғалы бері қазақ тіліне дамытуға қатысты атқарылған шаруа да, тындырылған тірлік те аз емес. Көп нәтижелерге де қол жеткіздік! Ол жөнінде биік мінберлерден айтылды да. Бірақ қанша […]
«БЫЛЫҚ БАСТАН…»
Білім саласындағы келеңсіздіктер осыны айғақтай ма? Түркістан облысының білім саласындағы былықтар жайлы естігенде атам қазақтың «Балық басынан шіриді» деген мәтелі еріксіз еске оралады екен. Неге десеңіз, бүгінде ел аузында гу-гу әңгімеге айналған, әлеуметтік желіде желдей ескен жайттардың дені жоғары жақтан болып жатқанын аңғаруға болады. Алаш зиялылары «ұлт шамшырағы», «қоғам қайраткері» деп бағалаған ұстаздар қауымы бүгінде […]
«Заңға бағыну – міндет, құрметтеу – маңызды»
Түркістан облысы, Төлеби аудандық сотының төрағасы Ғани Байарыстанның ұйымдастыруымен аудандық Жастар ресурстық орталығының ғимаратында «Заң мен тәртіп – қоғам тірегі» тақырыбында маңызды кездесу өтті. Аудан әкімінің орынбасары Б.Жанғазиев, аудандық мәслихат төрағасы Н.Қойбағаров, аудан прокуроры Д.Аянұлы, ұлттық қауіпсіздік бөлімінің басшысы С.Жайлаубаев және құқық қорғау саласының өкілдері, билер, ақсақалдар, аналар кеңесінің мүшелері және жастар қатысқан кездесудің мақсаты […]
ЕЛІМ ДЕП ӨТКЕН ЕР ТҰЛҒА
1937-1938 жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргін науқаны қазақтың небір асыл азаматтарының өмірін қиды. Осындай арманда кеткен арда тұлғалардың бірі – шымкенттік Тәңірберген Отарбаев. Ол халықтың жағдайын жасап, сауаттандыру жолында жан аямай еңбек еткен. Бірақ жазықсыз жала жабылып, «халық жауы» атанған. Жазықсыз жапа шеккен Шымкентте Тәңірберген Отарбаевтың қызы Ұлжан апа (суретте) тұрады. Биыл жасы 88-де. Кешегі күні […]
ҚАЗАҚТЫҢ ЕҢ ЖАС 8 ҚАЛТАЛЫСЫ
«Forbes Kazakhstan» журналы Қазақстанның жасы 45-ке дейінгі ең бай азаматтарының рейтингін жариялады. Олар 8 адам, жасы ең кішісі – 35, ең үлкені 44 жаста. Бұлардың ішіндегі ең байы – «Freedom Holding Corp» холдингінің негізін қалаушы Тимур Турлов. Аталған холдинг құрамына банк, инвестициялық және сақтандыру компаниялары кіретін қаржы блогы, сондай-ақ, «Freedom Travel», «Freedom Ticketon» агрегаторлары, «Arbuz.kz» […]
АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАП, ЕСКЕ АЛАЙЫҚ!
1,2 миллионнан астам адам аттанған Жарияланған деректерде Екінші Дүниежүзілік соғысқа Қазақстан 1 миллион 200 мыңнан астам азаматын аттандырғаны туралы айтылады. Одан бөлек, 700 мыңнан астам қазақстандық «Еңбек армиясына» алынып, соғыстан қираған елді мекендер мен шаруашылықты қалпына келтіруге қатысқан. Бір жайға назар аударайық: Ресей империясында 1897 жылғы жүргізілген халық санағы кезінде қазақтардың саны 4,1 миллион деп […]
Рухтандыратын әскери ән керек
Халықтың жауынгерлік тарихын ұғындырып-сезіндіруде әскери тақырыптағы әндердің орны бөлек. Жақсы ән жұртшылықтың көңіліне орнығады, жадында жатталып қалады. Сенім береді, жігерлендіреді, елге, жерге деген сүйіспеншілігін нығайтады. Бізде сарбаздардың сапта жүріп шырқайтын әні баршылық. Дегенмен «мынаусы керемет шыққан екен!» деп айрықша сүйсініп айтуға татитынын атап көрсетуде күмілжіп қалатынымыз өтірік емес. Сарбаздарымыздың «отыздан асып барамын» деп те, әскер […]
АРМАНЫМЫЗДЫ ҰШТАҒАН АҒА ЕДІ…
Белгілі қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы, ақиық ақын Мұхтар Шахановты бүкіл Қазақ Елі боп жоқтады, ақтық сапарына құрметтеп шығарып салды. Осы күндері замандастары, қызметтес, сыйлас болған азаматтардың аузынан аға туралы небір салмақты естеліктер айтылып жатты. Біздің де естелік айтқымыз келді. …Осыдан кемінде 50 жыл бұрын болса керек деп шамалаймын, 6-шы сыныпта оқып жүрген […]
«АВАY MALL» деген атау дұрыс па?
Елімізде туризмді дамытуға қолайлы өңірлер жеткілікті. Оңтүстік, яғни Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бұл бағытта көп жұмыстар атқаруда. Алайда, «әттең-ай» дегізетін жайттар әлі де жетерлік. Жалпы, саяхаттаушылар көрген-білген жерлерінің, қыдырып келген мемлекеттің тарихына, төл ерекшеліктеріне, салт-дәстүріне, жер-су атауларына көп мән береді. Өкінішке орай, бұған біздердің өзіміз жіті мән бермей жүрміз. Жер-су, елді мекен атауларында ала-құлалық […]









