Біле жүріңіз

Білім беру нысандарына қойылатын талаптар


Жаңа 2024-2025 оқу жылының басталуы қарсаңында Шымкент қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті білім беру объектілеріне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бар екенін ескертеді, онда меншік нысанына қарамастан барлық талаптар көрсетілген.
Бұл санитариялық ережелерге сәйкес білім беру объектілерінің аумағы қоршалуы тиіс, аумағында функционалдық қатысы жоқ объектілерді орналастыруға жол берілмейді. Объектілер ауызсу мен, ыстық сумен, канализациямен, жарықпен, желдетумен, жылытумен қамтамасыз етілуі және жақсы жағдайда болуы керек. Барлық үй-жайлар таза болуы керек, дезинфекциялық ерітінділерді қолдану арқылы күнделікті тазалау жұмыстары жүргізіледі, жәндіктердің, кенелердің және кеміргіштердің болуына жол бермеу үшін дератизация және дезинсекциялық іс-шаралары жүргізіледі. Жиһаздар мен заттардың жабдықталуы балалардың өсу және жас ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек.
Қала мектептеріндегі асханаларында жеке кәсіпкерлер жұмыс атқарады, олар балаларды қауіпсіз әрі сапалы тамақпен қамтамасыз етуі тиіс. Нысандарда басшымен бекітілген перспективалық мәзір құрастырылады. Тамақ өнімдері мен азық-түлік шикізатын қабылдау, олардың сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттары болған жағдайда жүзеге асырылады. Сүзбе, айран, кілегей қосылған кондитерлік өнімдер, қуырылған өнімдер, қаймақ пен майонез қосылған салаттар, тәтті алкогольсіз сусындар, фастфудтарды өндіруге және сатуға рұқсат етілмейді. Сондай-ақ, пастерленбеген сүт, термиялық өңдеусіз сүзбе және қаймақ, йодталмаған тұз және темірі бар витаминдер, минералмен байытылмаған (фортификацияланбаған) бидай ұнын пайдалануға рұқсат етілмейді. Медициналық қызметкер немесе жауапты маман дайындалған тағамның сапасына органолептикалық бағалау жүргізеді. Бракеражды комиссиясымен тамақтану сапасын бағалау кезеңмен жүзеге асырылады, оның құрамына міндетті түрде медициналық қызметкері, әкімшіліктің, өндіріс басшысын және ұйымның өкілін және ата-аналар комитетінің өкілін қоса отырып, нысан басшысының бұйрығымен бекітіледі. Күн сайын аспаз нақты ас мәзіріне сәйкес, дайын өнімнің күнделікті үлгілерін ас блогында қалдырады.
Жалпы білім беру нысандары күшейтілген санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің бақылауында. автор: Ә. Төлебаев — Шымкент қ. СЭБД басшысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *