Қоғам

Бала қандай мектепте оқуы керек?

«Білім беру ұйымдары қандай талаптарға сәйкес болуы тиіс»
Білім беру ұйымдары «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы,
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5
тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығына сәйкес болуы тиіс.
Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылды:
Жалпы білім беру ұйымдарының және білім алушылар мен
тәрбиеленушілердың тұратын орындарын ұйымдастыратын объектілердің
аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік
нормативтер талаптарына сәйкес барлық периметрі бойынша қоршау болуы
тиіс. Қоршау зақымдалмаған болуы тиіс.
Жалпы білім беретін ұйымдардағы үй-жайлардың (сыныптар, оқу
кабинеттері) ауданы оқытудың аралас нысандарында (фронтальды және
топтық) бір білім алушыға шаққанда 2,5 шаршы метр (бұдан әрі – м 2 )
нормасы белгіленеді. Техникалық және кәсіптік білімнің (бұдан әрі – ТжКБ),
орта білімнен кейінгі (бұдан әрі – ОБКБ), жоғары және жоғары оқу орнынан
кейінгі (бұдан әрі – ЖОО) оқу кабинеттері мен дәрісханалары үй-
жайларының ауданы:
      1) 12-15 орын үшін 1 білім алушыға 2,5 м 2 ;
      2) 16-25 орын үшін 1 білім алушыға 2,2 м 2 ;
      3) 26-49 орын үшін 1 білім алушыға 1,8 м 2 ;
      4) 50-75 орын үшін 1 білім алушыға 1,5 м 2 ;
      5) 76-100 орын үшін 1 білім алушыға 1,3 м 2 ;
      6) 100-150 орын үшін 1 білім алушыға 1,2 м 2 ;
      7) 150-350 орын үшін 1 білім алушыға 1,1м 2 ;
      8) 350 және одан артық орын үшін 1 білім алушыға 1,0 м 2 болып
айқындалады.
      Дәрісханалар, оқу кабинеттері, зертханалар жерүсті қабаттарда орналасуы
тиіс.
Әрбір ауысымда 1 білім алушыға шаққандағы аудан нормалары және осы
Санитариялық қағидалардың талаптары сақталған жағдайда оқудың екі
ауысымдық режимін ұйымдастыруға жол беріледі.
Объектілерде орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен, ыстық сумен
жабдықтау, су бұру көзделеді және олар жарамды жағдайда болуы тиіс.
Кәріз жүргізілмеген жерлерде жылы санитариялық тораптар құрылғысына
(75 адамға 1) және су құйылатын қолжуғыштарды (30 адамға 1) орнатуға жол
беріледі.
Жасанды жарықтандыру кезінде бір үй-жайда бір үлгідегі шамдар
қолданылады. Жарықтандыру кезінде шағылысқан және шашыраңқы
жарықты шамдарды пайдаланады, оларды плафондармен қамтамасыз етеді.
Көру қабілеті бұзылған білім алушылар мен тәрбиеленушілерге арналған
объектілердегі оқу үй-жайларын (сыныптарды, кабинеттерді, зертханаларды,
шеберханаларды), сондай-ақ оқу залдарын жасанды жарықтандырудың
құрамдастырылған жүйесімен жабдықтайды. Көру патологиясының түріне

байланысты жалпы және жергілікті жарықтандырудың жиынтық
жарықтандыру деңгейі мынаны құрайды:
      1) жоғары дәрежелі күрделі алыстан көрмейтіндер және жоғары
дәрежедегі жақыннан көрмейтіндерге – 1000 люкс (бұдан әрі – лк);
      2) торлы қабық пен көру нервісі зақымдалғандарға (көздің қарығуы
болмайтын) – 1000 – 1500 лк;
      3) жарықтан қорқу ауруынан зардап шегетіндерге – 500 лк-тен артық
емес;
      4) жасанды жарықтандыру деңгейі жалпы жарықтандыру жүйесінен 400
лк-тен аспауы тиіс;
      5) әр жұмыс орнын кемінде 400 лк жергілікті жарықтандыру шамдарымен
жабдықтайды.
Ылғалды режиммен жұмыс істейтін үй-жайлардың (медициналық
мақсаттағы, ас блогы, санитариялық тораптар, кір жуу, жуыну орындары)
қабырғаларын жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып,
ылғалды тәсілмен жинауға жол беретін тақтаймен немесе ылғалға төзімді
басқа материалдармен, кемінде 1,5 м биіктікке, себезгі бөлмелерінде кемінде
1,8 м биіктікке қаптайды.
Объектілерде дератизациялау және дезинсекциялау бойынша іс-шаралар
жүргізіледі. Жәндіктердің, кенелердің және басқа да буынаяқтылар мен
кеміргіштердің болуына жол берілмейді.
Тығыз жабылатын қақпақтармен жабдықталған қоқыс жинағыштар
шаруашылық аймақтағы үш жағынан қоршалған тазалау және
дезинфекциялау үшін қолжетімді, су өткізбейтін төсемі бар алаңға
орнатылады. Қоқыс жинағыштар (контейнерлер) тазаланады, жуылады және
дезинфекцияланады.
Жалпы білім беру ұйымдарында сабақтың ұзақтығы 45 минуттан аспауы
тиіс. Бірінші сыныптарда оқу жүктемесін бірте-бірте арттыра отырып, оқу
сабақтарының «сатылы» режимін қолданады. Қыркүйекте үш сабақ 35
минуттан, қазаннан бастап 45 минуттан жоспарланады. Сабақтарда дене
шынықтыру минуттарын және көзге арналған жаттығулар өткізіледі.
      Бірінші сынып оқушылары үшін бір жыл ішінде қосымша бір апталық
демалыстар болуы тиіс.
Мектептің сабақ кестесі міндетті және факультативтік сабақтар үшін жеке
жасалады. Факультативтік сабақтар міндетті сабақтардың саны барынша аз
күндері жоспарланады.
      Күн сайынғы оқу жиынының салмағы:
      1-3-сыныптардың білім алушылары үшін – 1,5-2,0 килограмм (бұдан әрі –
кг);
      4-5-сыныптардың білім алушылары үшін – 2,0-2,5 кг;
      6-7-сыныптардың білім алушылары үшін – 3,0-3,5 кг;
      8-11(12)-сыныптардың білім алушылары үшін – 4,0-4,5 кг — нан аспауы
тиіс.

      Сабақ кестесі оқу портфельінің немесе аспалы сөмкенің (рюкзактың)
салмағынсыз күн сайынғы оқу жиынының (оқулықтар, ОӘК және жазу
құралдары) гигиеналық нормативтерін ескере отырып құрылады.
С.Керимбеков, Шымкент қаласы Қаратау ауданы СЭББ
Санитариялық-гигиеналық қадағалау
бөлімінің жетекші маманы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *