Түркістан облысында өздері ғана емес, ауылдастарына, ағайын-туысына да «арақ ішпе, берекең кетеді» дейтіндер көбейген. Арақ ішкен жерде берекесіздік белең алатыны өз алдына, денсаулыққа зияны орасан зор екені де талай дәлелденген. Олай болса, Алладан аманатқа берілен саулыққа зиян келтіру, үйінің құтын қашыру, жратушының түрл сынағына ұшырау қаншалықты жөн іс?!
Десе де жамандық атаулыдан бойын аулақ ұстауға тырысатындар қатары көбейені көңілге медет. Осыйлайша, қазір Түркістан облысында 30-ға жуық ауыл ішімдіктен бас тартқаны белілі болып отыр.
Polisia.kz. сайтының хабарлауынша «Ішімдіксіз ауыл» жобасына қолдау білдірген ауыл тұрғындары арасында қариялар ғана емес жастар да көп.
Қазір арақтан абс тартқан Ордабасы мен Мақтаарал ауданында — 5 ауыл, Келесте — 4 ауыл, Сайрамда — 3 ауыл, Қазығұрт, Төлеби, Сауранда — 2 ауыл, Отырар, Жетісай, Арыста бір ауыл тіркеліп отыр. «Оны қалай анықтаған?» дейсіз бе? Полиция мамандары «Бұл ауыл тұрғындары спирттік ішімдік сатудан бас тартқан» дейді. Ауылдағы дүкенде мүлдем ішімдік сатылмайды екен. «Ішкісі келен адам тауып келеді» деген уәж де орынсыз. Себебі, ондай адамды ауыл болып талқыға салып, «мұның дұрыс емес» деп ақсақалдар басу айтып отырады екен. Жасырынып, жалғыздан жалғыз қашанғы арақ ішеді дейсіз?! Десе де адамға сана бермесе қиын-ақ. Дінімізде тиым жасалған жат қылыққа бой алдырып ел алдында ұятты болу, ұрпағына түрлі кесапаттың келуіне себепші болу кімге абырой әперен дейсіз?!
Мысалы, Сауран ауданының Нұртас елдімекенінде 1835 адам тұрады екен. Ауылда бір мектеп, екі балабақша бар. Ауылда 3 дүкен бар. Ауыл тұрғындарының күнкөрісі мал бағу, бау-бақша өсіру. Төрт түлікті тіршілік еткен ауылда ағарған көп. Құрт, май, сүт-айран, қаймағы бұзылмаған тату ауыл.
Содан да болар ауылда қылмыс атаулы жоқ. Тыныштық пен тәртіп қатаң сақталады.
Ал учаскелік полиция инспекторлары ауылдағы әрбір үйдің жағдайымен қанығып, күнделікті жұмыс жүргізіп отырады. Соның нәтижесінде жоғарыда 30-ға жуық ауылда соңғы бірнеше жыл қатарынан қылмыс тіркелмеген. Осы ретте полиция мен қоғам бірлесе ізгілікке бет бұрған ауылдар қатарын көбейтіп, қылмыссыз қоғам құру жұмыстары жалғаса береді.