Uncategorized

Сынап туралы не білесіз?

Сынап — суық металл, 7 есе ауадан ауыр, 0°С температурада буланады, 38,9°С балқиды, электрикалық және жылулық, төзімділік қасиеті жоғары. Химиялық қасиеті бойынша, бұл металл тұрақты және қатты. Сынап көп металдармен тез бірігіп, қосылыстар — амальгамдар құрайды. Мұндай сынаптың мүмкіншілігін көптеген жоғары қасиетті металдарды кеннен немесе қосылыстардан бөліп алуда қолданады. Сынап, оның қосылыстары заттарды күмістеуде, алтындауда, айна жасауда, тіс пломбасын жасауда, медициналық приборларды жасауда (тонометр, термометр, Салли аппараты) және кварцты, сынапты шамдарды, рентген түтігін жасауда, қопару жұмысында, тарсылдақ ойыншықтарды шығаруда (дандырық сынап — гремучая ртуть), сонымен қатар сынаптан органикалық пестицидтерді алуда және катализатор ретінде т.б. салаларда қолданылады. Кішкентай сынап бөлшектері, тамшылары еденнің, столдың, қабырғаның тесіктеріне кіріп ұзақ уақыт қалады, иісі жоқ болған соң оның әсері ұзақ уақыт сезілмей улану клиникасы көрінбегенше байқалмайды. Өнеркәсіптерде металды сынап, оның қосылыстары кең қолданылады. Сынап қосылыстарынан сулема, сынап нитраты, каломель, дандырық сынап жиі қолданылады. Сынаптың ШРЕК — сы жұмыс істейтін ауада — 0,01 мг/м3. Уланулар жоғарыда айтылған өндірістерде сынапты өндіріп алуда, оларды қолдануда, заттарды жасағанда байқалады санитарлық нормативті берілген құжаттарды сақтамағанда да байқалады. Патогенезі. Сынап — сульфгидрильді тиолды (SН) улар тобына жататын у. Сынап, оның қосылыстары негізінен тыныс алу жолы арқылы, жартылай асқазан-ішек және зақымдалмаған тері арқылы енеді. Көбіне өкпе арқылы енген сынап оның капиллярларынан өтіп қанда циркуляцияланып, SН-тобына бай белоктармен қосылып, сынап альбуминатын құрайды. Бұл сульфгидрильді белоктық қосылыстардың топтарын тежеп, белок алмасуын және ферменттік үрдістерді бұзады. Бұның бәрі едәуір орталық нерв жүйесінің қызметін бұзады. Қандағы сынап тамырдың интеро — рецепторларын және ішкі ағзаларды тітіркендіріп қоздырып, онда пайда болған импульстерді афферентті жолмен бастың ми қыртысына жеткізеді. Қыртыс жасушаларының жұмысы нашарлап оған бағынатын қыртыс астындағы әр салаға жауапты құрылымдардың жұмыстарында тежеу үрдістері дамып кейін біртіндеп жоғалады (растромаживается). Осыдан қыртыс астындағы орталықтар рефлекторлық бұзылыстарға душар болады. Әртүрлі анализаторлардың жұмысы: иіс, көру, дәм т.б. бұзылады. Осымен қатар, сынап неврозы, жүрек — қантамыр, асқазан — ішек жүйесінде алмасу үрдістері де бұзылады. Бұлар клиникалық көріністерді туғызып, арнайы сынап улану симптомдарын үдетеді, алғашқыда сынап эретизмін, дірілдеу, әртүрлі бұлшықеттердің қосылмалы байланысының функциялық бұзылу симптомдарын береді. Сынап организмде өкпеде, мида, бүйректе, жүрек етінде, бауырда, сүйекте жиналады, сондықтан да осы ағзалардың зақымдалу симптомдары байқалады. Денеден сынап тыныс жолдары және бүйрек, бездер, ішек арқылы шығады.. Профилактикасы. Өндірісте сынапты басқа уы жоқ заттармен алмастыру, бақылау жүргізу. ШРЕК-ны сақтауды бақылау. Кезекті медициналық тексеруді 1 рет 12 айда, сынапты қатыстырмау егер сынапты өндіру жұмысы болса, ал басқа жағдайда 24 айда 1 рет өткізеді. 

Г.Шонжанова, Шымкент қаласы  Әл-Фараби  ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *