Шымкент қаласының эпидемиолог мамандары қалада 20 вакцинамен басқарылып, тоқтатылатын инфекциялардың пайда болу және таралу қаупін азайту мақсатында, оның ішінде қызылшаны тоқтату мақсатында ересектер мен балаларды қызылшаға қарсы вакцинациялауға шақырады.
Қызылшаның арнайы емі жоқ және асқыну салдары орасан, сондықтан бұл қауіпті инфекциядан қорғанудың жалғыз жолы – вакцина алу.
Қызылшамен күресте 06.11.2023 жылы ҚОСЫМША ЖАППАЙ ИММУНДАУ (ҚЖИ) науқаны басталғалы қалада барлығы 59597 адам егумен қамтылды, оның ішінде:
- 6 айдан 10 ай 29 күн аралығында – 7207;
- 2 жастан – 4 жас 11 ай 29 күн аралығында – 41862;
- медициналық қызметкерлер – 3689;
- ілеспе егу – 6839.
Әлі де болса қызылшаның өршуін тоқтату үшін ҚЖИ науқанын қарқынды жүргізіп, әрбір ата-ана жауапкершілікті сезініп, саналы түрде аурудан сақтанған жөн!
Сонымен қатар, ҚР ұлттық егу күнтізбесіне сай жоспарлы түрде ең алғашқы вакцинация балаларға 12-15 айлығында, екіншісі 6 жаста жасалады.
Қызылшаға қарсы қосымша егулер эпидемиологиялық көрсетіліммен ошақта науқаспен байланыста болғандардың ішінде егуге жататындарды: қызылшаға қарсы егілмеген немесе егуі туралы мәліметі жоқ, осы аурумен ауырмаған 30 жасқа дейінгі адамдар 72 сағат ішінде егіледі.
Қызылшамен сырқаттанудың 2023 жылғы 18 желтоқсандағы эпидемиологиялық ахуалы тұрақсыз! Қалада жалпы 3187 расталған жағдай тіркелді, оның 2703-і (84,8%) — 14 жасқа дейінгі балалар.
Вакцина алғаннан кейін егу бөлмесінде 30 минут, 5-6 және 10-11 күндері егілгендер медициналық бақылауда болып, ұйқысын қандыру, құнарлы тамақтану, таза ауада серуендеу және көпшілік (сауда-ойынсауық орындары, той-томалақтар және тағы басқа іс шаралар) жиналатын жерлерге бармаса, 2-3 аптада иммунитет дұрыс қалыптасады. Аурумен қалыптасқан өмірлік иммунитеттен, егумен қалыптасқан иммунитет асқынусыз жеңіл болады.
Қызылша ауруының асқынулары бойынша статистикаға сүйенсек, ауырған 1000 баланың біреуінде энцефалит дамуы ықтимал. Сонымен қатар, соқырлық, кереңдік, пневмония түрінде асқыну болуы да мүмкін.
Қызылша ауруы иммундық жадты өшіру қабілетімен белгілі, вакцина алғаннан немесе бұрын болған аурулардан кейін жинақталған иммунитетті әлсіретеді. Яғни, ағза жаңа инфекцияларға анағұрлым осалданады. ЖРВИ, тұмау және COVID-19 сияқты басқа инфекцияларын жұқтырып, ауыру қаупін арттырады.
Өкінішке орай, осы уақытқа дейін адамдар арасында вакциналардың кез келген түріне сенімсіздікпен қарайтындар көбеюде және олар вакцинаны алғанша ауырғанды жөн көреді.
Егуге қарсы болғандар ең алдымен балаларының алдындағы жауапкершілігінің осалдануымен ұрпағының өмірге, денсаулыққа және болашаққа деген құқықтарын бұзуда. Себебі, қызылшаның асқынулары орасан зор! Басты қорқыныш – бала сауығып кеткендей болып көрінгенмен, вирус денеде сақталып қалып, 5-7 жылдан кейін склерозды панэнцефалитті (мидың зақымдануымен өлімге әкелетін ауру, психикалық деградация мен құрысуларды тудырады) тудыруы ықтимал. Бұл қауіпті жасырын асқынулардың бірі және ресми статистикамен расталғандай, мың баланың біреуі осындай асқынуға бейім.
Сақ болайық, жақынымызды сақтайық!
Айгүл Тұрымбетова, Шымкент қ. СЭБД басшы орынбасары.