Мәселе

Бір дәрі үшін ұзаққа сандалу тиімсіз

  

Бүгінгі қоғамда денсаулығында кінәрат болып, медициналық тіркеуде тұратын азаматтар аз емес. Оларға мемлекеттен тегін дәрі-дәрмек беріледі. Бірақ ауруларға тиесілі сол тегін дәрінің өзі бүгінде әлдекімдердің «бизнесіне» айналған секілді.

Бұрын сырқаты бойынша дәрігерлік тіркеуде тұратындарға, ауылда болсын, қалада болсын тұрғылықты жердегі медициналық мекеме арқылы дәрі берілетін. Ол әсіресе шалғай ауылдардың адамдары үшін тиімді еді.

Соңғы жылдары ескіден қалыптасқан бұл үрдіске өзгеріс енгізілді. Енді жүйе орталықтандырылды. Заман талабына сай бұл дұрыс та шығар. Дейтұрғанмен халқы тығыз орналасқан шет мемлекеттің барлық тәсілін бізге көшіріп ала беруге болмайды. Мысалы, Отырар ауданындағы Балтакөл ауылы мен аудан орталығы Шәуілдірдің ара қашықтығы шамамен 180 шақырымды құрайды. Сонда Балтакөлде тұратын науқас бір дәрі алу үшін сондай алыс жолдан аудан орталығына келуі керек және бұл ұдайы қайталанып отырады. Ал мұндай орталықтан шалғай ауылдар Түркістан облысының барлық ауданында бар. Тіпті, Созақ ауданындағы Шу ауылы орталыққа 200 шақырымдай қашықта жатыр. Сондай алыстан келіп дәрі алу тұрғындар үшін тым қамбатқа түседі. Сонша жерден келгенде дәрі болса жақсы, кейде тауысылып қалатын кездер де кездеседі. Мұның барлығы онсыз да ауырып жүрген жандардың жүйкесіне салмақ салатыны анық. Сондықтан адамдар керек дәріні тегін деп күтіп жүрмей, көбіне дәріханадан сатып ала салады. Сонда мемлекеттің бұл жеңілдігінің тиімділігі қайсы?

Орталыққа бару үшін жол шығыны дәрі құнынан асып кетпесе аз болмайды. Осындай себептермен иесіне жетпей қалған дәрілер өзгелерге сатылып жатыр ма, әлде басқа мақсатқа жұмсала ма белгісіз. Сол үшін мұндай дәрілер мемлекет есебінен ауылдардағы медпунктерге жеткізіліп берілуі тиіс.

Х.Тұрлыбеков,

Отырар ауданы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *