Қоғам Оқшау ой

 Шапан жабу неге керек?

Қазақтың тойынан байқағаным, бітпейтін бір-біріне шапан жабу. Жігіт жақтың құдалары қыз жаққа, қыз жақтың құдалары жігіт жаққа. Тіпті, жасы 40-тан асқандардың да иығына жабады. Баяғыда ақсақал, ақжаулықты әжелер киетін еді…

Бұл деген қып-қызыл ақша. Сосын, үлкен-үлкен, қорбиған қалың шапандарды күнделікті өмірде кие алмайсыз. Заманауи да емес. Ол сосын бір құдалықтан екіншісіне, әрі қарай үшіншісіне жалғасып тозып бітеді. Түкке керегі жоқ осы. Тек, үлкендерге (ата-әжелер), құрметті кісілерге жапсын, болды. Апайым айтады, «үйде 6 шапан жатыр, керексіз боп» дейді. Сіз не дейсіз?

Қазақтың тойына жаңа реформа, жаңа формат керек. Той тамақ жеу мен тост айтумен өтеді. Түк қызық жоқ, мен үшін.

Армангүл Тоқтамұрат,

журналист

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *