Шымкент

Ұстазға құрмет көрсетілді

Шымкенттегі «Түркістан» сарайында Мұғалімдер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиында қала әкімі білім саласының үздік қызметкерлерін құттықтап, алғыс хаттармен марапаттады.

Мегаполис басшысы өз сөзінде педагог ең алдымен беделді маман, қызметі жоғары және жауапты миссия екеніне тоқталды.

– Ұстаздар еліміздің жарқын болашағы мен мемлекеттің дамуы жолында тынымсыз еңбек етуде. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен мұғалімдердің мәртебесін, олардың біліктілігін арттыруға және әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған көптеген шаралар қабылдануда – деді Ғабит Сыздықбеков.

Қала әкімі білім беру жүйесін дамытуға және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге өлшеусіз үлес қосқан мұғалімдерге, сондай-ақ саланың ардагерлеріне алғысын білдірді. Бүгінгі таңда Шымкент қаласының білім беру мекемелерінде 30 мыңға жуық мұғалім жұмыс істейді, 500 мыңға жуық оқушы, студент оқиды. Жыл сайын заманауи мектептер саны артып келеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *