пара алатындар көбейген.
Осылай деген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі соңғы үш жылда Арнайы ХҚКО қызметінде жемқорлыққа қатысты 18 қылмыстық іс тергелгенін айтады. Бәрі де жүргізуші куәліктерін заңсыз беру және шетелдік автомобильдерді есепке қоюға байланысты қылмыстар.
Тергелген істер бойынша жүргізуші куәлігін беру кезінде 60 мыңға жуық заңсыз іс-әрекет жасалғаны анықталып отыр. Ал заңсыз әкелінген 2 мыңнан астам автокөлік есепке қойылған. Бұл қылмыстар әсіресе, Астана, Шымкент қалаларында, Ақмола, Қостанай және Жамбыл облыстарында жиі орын алған. Бұл бойынша 13 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Қылмыстық істер және Арнайы ХҚКО қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері Агенттік Төрағасының орынбасары Асхат Жұмағали бастаған кеңейтілген кеңесте айтылды. Мысалы, Астана қаласында тиісті алымдар мен төлемдерді төлемей, шетелден әкелінген автокөліктерді тіркеу есебіне заңсыз қойған арнайы ХҚКО қызметкерлері мен азаматтық тұлғалар анықталған. Зерделей келгенде олар ұдайы осындай тірлікпен айналысатыны, ұйымдасқан қылмыстық топ екені белгілі болды.
Қылмыстық топ шетелдік автокөліктерді есепке қоюдың заңдылығына қатысты талаптарды ескерместен, азаматтардан алдап ақша алып отырған екен. 500-ге жуық көлік осылайша заңсыз тіркеуге қойылған. Бір көлікті ресімдеуге 400 мыңнан бастап 1,6 млн теңгеге дейін ақша алған. Осылайша, мемлекетке төленбеген мемлекеттік баждар мен алымдар түрін қосқанда шамамен 1 млрд. теңге залал келген. Қылмыстық топтың 9 мүшесі, оның ішінде елордалық Арнайы ХҚКО басшысы қамауға алынды.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүруде.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы Марат Башимов, Ішкі істер министрлігінің, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілдері, «Азаматтарға арналған үкіметтің мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ басшылығы, қоғам қайраткерлері, Агенттіктің аумақтық департаменттерінің басшылары қатысқан жиында жүргізуші куәліктерін заңсыз алу, шетелдік автокөліктерді есепке қою бойынша қолда бар қылмыстық схемалар жарияланған. Оларды жою жөніндегі шаралар талқыланды. Көлік құралдарын қайта тіркеу кезінде олардың «VIN-кодын» тексеруді қайтару туралы мәселені қарастыру ұсынылды.
Жалпы, кеңес қорытындысы бойынша уәкілетті органдармен бірлесіп, қоғам қайраткерлерінің пікірлерін ескере отырып, Арнайы ХҚКО қызметінде жемқорлықты жою бойынша шаралар кешені әзірленді. Агенттіктің аумақтық департаменттерінің басшыларына осы жұмысты жергілікті деңгейде үйлестіруді жүзеге асыру тапсырылды.