Басты жаңалықтар Білім, ғылым

Бала құқықығын қорғайтын басқарма құрылады

Мұндай басқармаларды құру – қорғаншылық және қамқоршылық органдарының жұмысын күшейтуге бағытталған реформа деп бағалаған ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Жаңа басқармалар балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда негізгі буынға айналады. Олардың міндеті – өтініштерге жедел әрекет ету, отбасыларға көмек көрсету және өңірдегі бала әл-ауқатына жауапты барлық қызметтердің жұмысын үйлестіру» деп отыр.

 Жергілікті атқарушы органдардың базалық құрылымына Балалардың құқықтарын қорғау басқармасын құруды көздейтін өзгерістер енгізілді. Басқармаға облыстық және республикалық маңызы бар қалалар мен аудандардағы балалардың құқықтарын қорғау бөлімдері, сондай-ақ елордадағы тиісті бөлімдер бағынатын болады.

«Біз әр баланың сенімді қорғалуын қамтамасыз ететін жүйе құрып жатырмыз. Бұл мәселелерді жедел шешуге және балаларға жергілікті деңгейде көмек көрсетуге мүмкіндік береді» дейді министр Ғани Бейсембаев.

Аталған бөлімшелердің тиімді жұмыс істеуі үшін Оқу-ағарту министрлігі заңнамалық деңгейде норма бекітті – қорғаншылық және қамқоршылық органының бір маманы 5 мың балаға қызмет көрсетеді. «Соның нәтижесінде биылғы жылдың басынан бері жергілікті деңгейдегі қызметкерлер саны 303-тен 896-ға өсті. Олар үшін оқыту курстары ұйымдастырылып, бірыңғай жұмыс стандарттары енгізілуде» дейді министрлік мамандары.

Жоба ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен бірлесіп жүзеге асырылуда және еліміздің барлық өңірлерінде кезең-кезеңімен енгізілетін болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *