Қоғам

1740 базалық станция бар

Шымкентте 2021 жылдан бері 60-қа жуық елді мекенде жоғары жылдамдықтағы талшықты-оптикалық интернет желісіне қосылуға мүмкіндік жасалған. Биыл қосымша 23 елді мекенде талшықты-оптикалық интернет желісін жүргізу үшін жеке инвесторлармен меморандум жасалған. «Жайлау», «Көксай», «Азат», «Химфарм», «Ынтымақ-2», «Қатынкөпір», «Орманшы», «Қорғасын», «Сайрам», «Айнатас», «Құлагер», «Жас дәурен», «Ақтас-2», «Мәртөбе» елді  мекендерінің тұрғындарына ең жоғары жылдамдықтағы интернет желісіне қосылуға мүмкіндік жасалған. «Тәуелсіздікке –20 жыл», «Ынтымақ-2», «Көкбұлақ», «Алтынтөбе»,  «Қаратөбе», «Нұршуақ», «Жиделі» және «Тұрлан» елді мекендеріне қараша айында кең жолақты интернет желісіне қосылу мүмкіндігі берілмек. «Испиджаб», «Қайнарбұлақ» елді мекендерінде кең жолақты желіге қосылуды алдағы желтоқсан айында аяқтау көзделуде.

Қалада мобильді байланыс операторлары тарапынан «Кселл» АҚ, «КарТел» ЖШС, «Мобайл Телеком Сервис» ЖШС-не тиесілі 1740 базалық станция қызмет көрсетуде. 2023 жылы жүргізілген талдауда қала аумағында сапасы төмен 147 нүкте анықталған. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте қала әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек бұған қатысты жүргізілген жұмыстар нәтижесінде сапасы төмен аумақтар саны 11 нүктеге дейін азайғанын айтты.

Қалада қараңғы көше қалмайды

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қала аумағында 1758 көшеге 35 мың 218 жарық шамын орнату жұмыстарын атқарған. Жыл соңына дейін қосымша 983 жарық шамдар орнатылып, қала көшелерін 100 пайыз жарықпен қамтамасыз ету көзделген.

Д. ОРАЗ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *