Атап айтқанда, аталған Заңның 12-бабының 1-тармағы «Ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу, сол сияқты құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге сол үшін бөлінбеген орындарда қатысу немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды» деген мазмұндағы тармақшамен толықтырылды.
Мемлекеттік қызметкерлер үшін құмар ойын орындарына бару тәртіптік жауаптылықты көздейтін болса, оған қатысу қызметтен босатуға негіз бола алады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің бекіткен Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2026 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарының 2.5–тармағымен мемлекеттік қызметшілерді ойын мекемесіне барудан бас тарту талабын түсіндіруге қатысты іс-шараларды ұйымдастыру жүктелген. Құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуға қатысты заңға шектеудің енгізілуі осы бағыттағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатындағы қосымша іс-шараларды ұйымдастыру қажеттілігін туындатты. Осы орайда, жоспарға сай лудоманияға қарсы профилактикалық жұмыстарды өткізу қажет және бұл туралы департамент қызметкерлерінің назарына үнемі жеткізіліп, шектеулер мен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отыру қажет.
Сондай-ақ, департаменттің барлық мемлекеттік қызметшілерін осы тәртіппен таныстырып, құмар ойын орындарына бармау, ойынға қатыспау керектігін қадағалау қажет. Осы бағыттағы ақпараттармен қамтамасыз етіп, түсіндіру, алдын алу жұмыстарын жүргізуіміз тиіс. Сонымен қатар, іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, әріптестерге өзінің діни нанымдарын таңбау, қол астындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып отырады.
К. Сарыпбеков,
Шымкент қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендірудепартаментінің әдеп жөніндегі уәкілі
