Uncategorized Мәселе Шымкент

Шымкентте 815 ит пен 90 мысық көшеге қоя берілді

Қазақстанда жануарларды қорғау заңы бар. Сондықтан бұған қатысты барлық жұмыстар заң мен нормативтік-құқықтық актілер негізінде атқарылуда. Шымкентте 1302 ит пен 135 мысық залалсыздандырылған.

Стерилизация туралы шешім оларды уақытша ұстау пунктіне  қамағаннан кейін барып қабылданады. Стерилизациядан кейін қаңғыбас жануарлардың ұрғашысы орталықта 11 күн, еркегі 4 күн ұсталынады. Агрессивті мінез-құлық танытпаса, операция салдары болмаған жағдайда олар бұрынғы мекеніне жіберіледі. Адамдарға жұғатындай инфекциясы болмаса, оларды ұстап отыруға немесе көзін жоюға рұқсат жоқ.

Осыған дейінгі ветеринарлық-санитарлық іс-шаралардың нәтижесінде 1302 ит (еркегі 1040, ұрғашысы 263) пен 135 мысық залалсыздандырылған. Әрқайсысына құтыруға қарсы екпе егілген. Қазір жануарларды уақытша оқшаулау орталығында барлығы 450 залалсыздандырылған қаңғыбас ит пен мысық бар. Бүгінге дейін 815 ит пен 90 мысық көшеге қоя берілді. 43 мысықты еріктілер асырап алды. Бойында жазылмайтын, адамға жұғуы мүмкін  инфекциялық дерті бар 21 ит жойылған. 16 ит жеке тұлғаларға қамқорлыққа берілген.
Дүйсен ОРАЗ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *