Шымкент

ШЫМКЕНТТІҢ 17 «БАУЫРЫ» БАР

Шымкенттің жылдан-жылға жасарып-жайнап келе жатқаны көңіл қуантады. Қаламыздың туристік тартымдылығы да артып, аты әлемге танылып келеді. Осы орайда Шымкенттің шетелдерде 17 «бауырласы» барын да біле жүрейік. Әр елдің қалалары ұлттар арасындағы өзара түсіністікті, мәдени ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасып тұру мақсатында өзара достық қарым-қатынас орнатады. Бұған байланысты «Бауырлас қалалар» деген халықаралық ұғым қалыптасқан. Біздің Шымкенттің әлемдегі […]

Шымкент

ШЫМКЕНТТЕ ҚАНША СУБҰРҚАҚ БАР?

Шымкент жылдан-жылға ажары ашылып, келбеті көріктеніп келеді. Жұрт серуендейтін, саялайтын жерлер баршылық. Жазы аптап ыстық әрі ұзаққа созылатын Шымқалада субұрқақтардың көп болуы маңызды. Олар қала тұрғындары мен қонақтарының жайлылық сезінуіне жақсы қызмет етуде. Жалпы, Шымкентте қанша субұрқақ бар? Біз осыған байланысты қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына хабарласқан едік. Төменде басқарма тарапынан келген жауапты назарларыңызға ұсынып […]

Шымкент

ҚОҚЫСТЫ СҰРЫПТАП ТАСТАУ БАСТАЛДЫ

Шымкенттің «Отырар» шағынауданындағы қоқыс алаңшасы жаңартылды. Алаңша сырты абаттандырылып, гүлдер егілді. Бұрынғы ескі контейнерлер орнына жаңалары қойылды. «Жабық типтегі жерүсті қоқыс контейнерлері алаңшасы» деген ат иеленіп отырған жаңа алаңшаның бұрынғыдан бірқатар ерекшеліктері бар. Тұрғындар бұған біртіндеп үйреніп те жатыр. Үйрене алмастай күрделі ештеңесі де жоқ. Онда «Ксемакс» компаниясының түрлі түсті үш контейнері, «Глин Вилладж» компаниясының […]

Мәселе Шымкент

Шымкентте «Уют»-ты алса ұят бола ма?!

«Өзге пікір» газетінің өткен нөмірінен «Көше атауларында кемшілік көп» деген мақаланы оқып, тәнті болдым. Шымкент қаласындағы көше аттары жайлы жақсы сараптама жасапсыздар. Кезінде тіл басқармасын, мәдениет басқармасын басқарған азаматтар көпшілікке «Шымкентте көше аттары бірізге түсірілді, реттелді» деп еді. Олардың жазылуы да тек қазақша екенін айтып сендірген. Көріп отырғанымыздай іс жүзінде олай емес екен. Атауы қате […]

Қоғам Мәселе Шымкент

Шымкентте шарбақ ұрлап, қоқыс шашқан кім?

      Шымкент жыл сайын көркейіп, ажары ашылып келеді. Дегенмен, көңіл қынжылтатын жайлар да болып тұрады. Мысалы, бүгінде Қырғы базардың бұрынғы Неке сарайы тұрған бетіндегі аяқжолмен өткен адам осындай бір келеңсіз көрініске куә болады. Қаланың қақ ортасындағы жол жақтауына орнатылған темір торлы шарбақтың бір бөлігін әлдекімдер кесіп әкетіпті. Оған да біраз уақыт болып қалған сияқты. Шарбақ […]

Басты жаңалықтар Мәселе Шымкент

Шымкенттің шеткі аймақтарында шикілік көп

Ең алдымен тазалық — денсаулық кепілі. Қала берді Президент тапсырмасына сәйкес бүкіл елде «Таза Қазақстан» акциясы ұдайы ұйымдастырылып келеді. Әлеуметтік желілердегі «тазалап жатырмыз, пәленбай тонна қоқыс шығардық» деген ақпараттар мен суреттерден көз сүрінеді. Мұндай науқаншыл әрекет Шымкентте де жоқ емес. Алайда, негізгі, орталық көшелер мен шағынаудандар таза болғанымен, көпшіліктің көзіне көп түсе бермейтін, шеткері көшелер […]

Біле жүріңіз Шымкент

Тұмауды оңай жау демеңіз

Күзде жедел-жұқпалы тыныс жолдары ауруларының, тұмау мен тұмаутектес вирустардың бас көтеретіні белгілі. Қазан айының басынан Шымкентте тұмау жұқтырған 3,5 мыңнан астам адам дәрігер жәрдеміне жүгінген. Осыған орай қаладағы медициналық мекемелердің жұмысы күшейтіліп отыр. Маусымдық аурулардың алдын-алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде, жұқпалы аурулар ауруханасында төсек-орын саны арттырылған, бірқатар емдеу орталықтарында қосымша стационарлық орындар ашылған. Науқастар үшін […]

Шымкенттің бас жоспары
Қоғам Шымкент

 Шымкенттің Бас жоспары тағы өзгереді

Шымкент қаласының Бас жоспарына бірқатар өзгерістер енгізілмек. Бұл жөнінде журналистердің қойған сұрағына орай қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек баспасөз мәжілісінде баян етті. Бас жоспарға өзгерту енгізуге бірнеше мәселе себеп болуда. Олар: Ұшу-қону жолағы ұзартылады 2024-жылы қалаға қосымша ұшу-қону жолағы қажет екені анықталып, әуежайда осы бағытта жұмыстар басталған. Енді соны Бас жоспарға ендіру қажет. Қауіпті аймақтар […]

Басты жаңалықтар Мәселе Шымкент

БАЛАҢЫЗ ЫСТЫҚ ТАМАҚ ІШІП ЖҮР МЕ?

  Әңгіме мектептегі балаларға берілетін ыстық тамақ жайында. «Ас – адамның арқауы» демекші, уақтылы ішілген ыстық тамақтың адам денсаулығы үшін маңызы зор. Бүгінде Шымкенттегі білім ұяларында бастауыш сынып оқушылары мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың жоғары сыныптағы балалары бюджет есебінен бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылатыны белгілі. Кейінгі кездері бұл бағытта мониторинг жүргізілген, зерттеп-зерделеніп, баға өзгертілген, […]