АБАЙЛАҢЫЗ!
Биыл жыл басынан бері шымкенттік құтқарушылар “жылан жүр!” деп қабарласқан 17 шақыртуға барған. Бәрінде де жылан аулап қатқан. Осыған қарап Шымкентте жылан көбейді демеске амал қалмай тұр. Бір ғана мамыр айында тұрғындардың өтініші бойынша құтқарушылар жалан аулауға 9 рет шығыпты. Ай әлі аяқталған жоқ. Әлі қанша шақырту аларын кім білсін?!
Мысалы, 16 мамырда Самал-3 және Азат шағын аудандарының тұрғындары “жылан жүр, тезірек келіп құтарыңызшы, қорқып жатырмыз” деген шақырту түсісімен айтылған мекенжайға жеткен.
“Құтқару қызметінің «112» нөміріне бұл дабыл сағат 12.52 -те келіп түсті. Самал-3 шағынауданы Мәңгілік ел көшесіндегі бала-бақшалардың бірінде жылан табылғандығы туралы ақпарат алдық. Оқиға орнына 4 адамнан тұратын құтқарушылар тобы шығып, жыланды тауып қауіпсіз аймаққа шығарды. Сондай-ақ сол күні сағат 15.25-те де Азат шағын ауданы Ақбастау көшесіндегі тұрғын үйде жылан табылғандығы туралы хабарлама түсіп, құтқарушылар тобы оқиға орнына шығып жыланды тауып қауіпсіз аймаққа шығарды” дейді Шымкент қ.ТЖД қоғаммен байланыс тобының мамандары.
Жылан зерттеуші ғалымдар сәуірдің ортасынан мамыр айының соңына дейін жыландарда жұптасу процесі жалғасады. Осы кезеңде олар ең қауіпті және өте агрессивті болады дейді.
«Жылан көргенде адам өзін қалай ұстауы керек? Ең алдымен, көре сала оның қандай екенін анықтауға тырыспай, жыланнан 1,5 – 2 метрге алыстаңыз, бұл жағдайда ол адамға ұмтылуға асықпайды. Егер жылан шағып алған болса, алдымен адамды жатқызып, ны қозғалтпау керек. Жарадан уды өз бетінше алып тастауға, тістеген жерді байлауға тырыспаңыз, өйткені бұл адамға теріс әсер етуі мүмкін. Антигистамин препараттарды, көп суды ішкізіп, адамды мүмкіндігінше тез ауруханаға жеткізіңіз. Жеке меншік үйлердің аумағында жыландардың алдын алу туралы-үйдің айналасындағы жерлерді тазарту, іргетастағы жарықтарды герметизациялау. Жыландар табылған жағдайда «112» құтқару қызметіне хабарласыңыз» дейді төтеншеліктер.