Әлеумет

Тез бұзылатын тағамдардан абай болыңыздар!!!


Жылдың жылы кездерінде тамақтың тез бұзылатыны барлығымызға белгілі. Тамақтарда микробтардың пайда болуы, олардың тез көбеюінің негізгі себебі жылу факторы болып табылады. Өйткені тамақ тұтынушыларға жеткенше өңдеу, тасымалдау, сақтау секілді сатылардан өтеді. Осы сатылардың кез келген кезеңінде санитарлық талаптар сақталмаса, өнімнің оңай бұзылуы әбден мүмкін.
Негізінен тез бұзылатын тағам өнімдеріне кремнен жасалған тәтті өнімдер, көкөніс және еттен жасалған салаттар, сүт және сүт өнімдерінен дайындалған тағамдар, балғын балықтар, дайын аспаздық өнімдер жатады. Дайын өнімдер жартылайфабрикаттардан тауар көршілестігін сақтап, бөлек сақталынуы керек. Бірге сақталынған жағдайда дайын тағам тез бұзылып, тамақтан улану жағдайына соқтыруы мүмкін. Микробтардың тез өрбуі, дайын өнімде қарқынды жүреді. Сондықтан да температуралық өңдеуге жатпайтын, піскен тамақтар немесе салаттардың сақталуына ерекше назар аудару керек.
Тиісті температуралық режимді қамтамасыз ететін тоңазытқыш қондырғыларымен жабдықталмаған азық – түлік дүкендерінде және ретсіз сауда орындарында үй жағдайында әзірленген дайын тағамдарды, салаттарды сатуға болмайды.
Дайын тамақ салқын жайда, бөлме температурасында 2 сағаттан артық сақтамауы қажет.
Дүкендерден алынатын тағамдардың жарамдылық мерзімі мен сыртқы түріне мән беру, орамасы бүлінген жағдайда, тіпті жарамдылық мерзімі анық көрсетілсе де, өнімді алмаған дұрыс. Өйткені, мұндай орамада кез-келген өнім тез бұзылады.
Тамақтан улану және жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары:

  • тамақтанар алдында жеке бас гигиенасының талаптарын сақтау;
  • термиялық өңдеуге жатпайтын жеміс-жидектерді ағынды сумен жуу;
  • тез бұзылатын тағамдарды тоңазытқыштарда сақтау;
  • жұмыртқа, ет, тауық етінен, балықтан әзірленген тез бұзылатын өнімдер, кремді кондитер өнімдерін, салаттарды әзірлеген сәттен бастап пайдалаған жөн;
  • кондитер өнімдерін тек тоңазытқышы бар дүкендерден ғана алу мен қауіпсіздігін растайтын құжатының болуына көңіл бөлу;
  • егер тағамның түрі, түсі иісі және тағы басқа күмән тудыратын болса – бұндай тағамды мүлдем пайдаланбаған жөн;
  • келесі күнге қалған тағамды әсіресе көктем – жаз мезгілінде пайдаланғанда абай болып, тоңазытқышта сақтаған дұрыс.
    Салауатты, дұрыс тамақтану – халық денсаулығын, балалардың дұрыс өсуі мен дамуын қамтамасыз ететін, тағамнан улану мен жұқпалы аурулардың алдын алудың негізгі факторлары болып табылады.
    Ә. Төлебаев — Шымкент қ. СЭБД басшысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *