Uncategorized

 Терезеден бала құлап кетпесін

Күн ысығалы балалардың су айдындарында шомыламын деп суға кету оқиғаларына соңғы күндері көпқабатты үй терезесінен құлап кету келеңсіздіктері де қосылуда. Баланың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін сақтау мәселесінде бей-жайлыққа салынуға болмайды. Сол себептен де Шымкентте төтенше жағдайлар департаментінің мамандары қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертіп, үйді-үйді аралап, ата-аналарға ескерту жасап жүр.

Кешегі аптада дәл осындай іс-шараны Қаратау ауданы ТЖБ қызметкерлері ұйымдастырып өткізді. Олар «Нұрсат» шағын ауданы Назарбаев даңғылы бойындағы көпқабатты (9-қабат) тұрғын үйлерде  болып, тұрғындармен жеке-жеке кездесу өткізді. «Балаларға абай болыңыздар, терезеден құлап кетпесін» деген төтеншеліктер әрбір есікті қағып шықты десе де болғандай. Тіпті 3 пәтерге блокатор орнатып берді.

Еңбекші ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері де осы бағыттағы жұмыстарды еріктілерімен бірге жүріп атқарды. «Балалардың көп қабатты үйлерден құлауын алдын алу» тақырыбында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген олар арнайы дайындалған жадынама парақтарын таратты.

Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға төмендегі талаптарды орындап, қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді:

📌Егер бөлмеде бала болса терезені ашық қалдырмаңыз;

📌Бала терезені өз еркімен ашып алмас үшін тұтқасын жауып қойыңыз;

📌Терезе ашылмас үшін арнайы қорғау құралдарын орнатыңыз;

📌Бала терезенің алдына шықпас үшін барлық жиһазды терезеден алыстатыңыз;

📌Баланы терезенің алдына тұруды және арғы жағында не болып жатқанын қаратуды үйретпеңіз, Сіз жоқ болған кезде ол соны қайталауы мүмкін;

📌Балаларды ересектердің қарауынсыз балконға шығармаңыздар;

📌Шіркей торы баланы құлаудан САҚТАМАЙДЫ. Ол қорғап та қалмайды. Керісінше, балалар оған сүйенуге болады деп ойлап, соған дағдыланып қалады. Себебі балаларға ол шыны сияқты сенімді болып көрінеді.

         Балаларымыздың қауіпсіздігіне абай болайық!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *