Uncategorized

 Төтеншеде тыным жоқ

Шымкент қаласындағы халықаралық әуежайда ұшақтан шыққан өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу шарасы өтті. Жаттығудың тактикалық тұрғысына сәйкес Алматы-Шымкент бағыты бойынша ұшқан АН-24 ұшағының «Аэропорт Шымкент» АҚ апаттық қону барысында өрт орын алады. Шасси тағанының істен шығуы және қозғалтқыштың және оң жақ жанармай багының бұзылуының салдарынан жанармай төгіліп, аумақта көлемі үлкен өрт шығады. Әуе кемесінің бортында 48 жолаушы және 4 экипаж мүшесі бар. Бәрін де дер кезінде аман-есен құтқару қажет.

Оқу-жаттығудың жоспарлы мақсаты осындай болды. Аэропорттың ұшуларды апатты-құтқару және іздестірумен қамтамасыз ету қызметінің қызметкерлері мен қаланың өрт сөндіруші және құтқарушылары бірлесіп, әуе кемесіндегі өртті сөндіруге бар күшін жұмылдырды. Экипаж бен жолаушыларды құтқару аса әбжелдікті талап етті. Оқу-жаттығуға Шымкент қаласы ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» РММ-ның 7 өрт сөндіру техникасы, офицерлік және жеке құрамы, Шымкент қаласы ТЖД-ның, жедел-құтқару жасағының, апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері, сонымен қатар, жедел-жәрдем медициналық көмек бригадасы жұмылдырылды.

Жаттығудың мақсаты қызметкерлердің төтенше жағдай кезінде дағдыларын жаттықтыру. Сондай-ақ аэропорттың бөлімшелері мен қалалық қызметтердің өзара бірлесіп қызмет атқару іс-қимылдарын машықтау болатын. Жаттығудың соңында талдау жүргізіліп, қорытынды жасалды.

Десе де төтеншеліктерді бұдан кейін де талай жаттығу күтіп тұрды. Себебі, өрт сөндіру қызметінде жұмыс барысы тек өрттер, төтенше жағдайлар, апаттардан ғана тұрмайды. Күнделікті кәсіби дайындықты арттыру жұмыстарын да жандандыра түсу қажет. Осы орайда өткізілген «Үздік кезекші қарауыл» жарысы өз ісінің нағыз мамандарын анықтауға көмектесті.  Жарыстың мақсаты – өрт сөндіру бөлімдеріндегі қарауылдардың жауынгерлік дайындығының деңгейін көрсету, жеке құрамның кәсіби шеберлігін арттыру және ең мықты қарауылдарды анықтау болды. Үздік атану үшін кезекші қарауылдар бірқатар нормативтерді және кроссфит тәсілі арқылы жаттығуларды орындауы қажет.

Бұл жарыста әрбір қатысушының жеке тәжірибелік ғана емес, сонымен қатар командада жұмыс істей алу дағдылары бағаланды. Жарыс қорытындысы бойынша I орын №7 өрт сөндіру бөліміне бұйырды. IІ орынды №5 өрт сөндіру бөлімі, IІІ орынды №6 өрт сөндіру бөлімдері иеленді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *