Uncategorized

Тұрғындар тазалыққа атсалысты

 

«Таза Қазақстан» жобасы ауыл-аймақ, өңірлерде тазалық мәселесін жақсартуға бағытталған. Игілікті істен шет қалғысы келмеген шымкенттіктер кешегі апта соңында жалпықалалық сенбілікке шықты. Оған ардагерлер, коммуналдық сала қызметкерлері, үй басқарушылары, кәсіпкерлік нысан иелері, қала тұрғындары және эко-белсенді жастар қатысты.

Абай ауданы бойынша «Шымкент сити», «Асар» шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үй аулалары, қоқыс жәшіктері мен балалар ойын алаңшасы аумағы және ирригациялық арық жүйелері қоқыстан тазартылды. Сенбілік аясында 300-ден астам адам мен 10 арнайы техника көмегімен 80 тонна қоқыс шығарылды. Ал, Әл-Фараби ауданында сенбілікке 400-ден астам адам мен 22 арнайы техника жұмылдырылды. Аудан аумағынан 20 тонна қоқыс жиналыпты. Тұрандықтар да өздері тұрып жатқан аула, көшенің көрікті, таза болғанын қалайтындар. Сенбілікке аудан әкімдігінен БМК каналының аумағын тазалау үшін 300-ден астам адам мен 10-нан аса техника жұмылдырылды. «Нәтижесінде 150 тонна қоқыс шығарылды» деп отыр жауапты мамандар. Еңбекші ауданында тазалық жұмыстары 9 орында ұйымдастырылған.

Сенбілікке жалпы 1800-ден астам адам мен 24 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде Бадам өзені жағалауы, көпқабатты тұрғын үй аулалары және орталық көшелер тазарып қалды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *